Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған ойын жаттығулары
Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған ойын жаттығулары
3 – 4 жас
4 жасқа аяқ басқан балада өз бетімен әрекет жасауға тырысуы бұрынғыдан да арта түседі. Осы кезде оның зейіні де тұрақсыз болады, ол алаңдағыш келеді және бір әрекет жасаудан екінші әрекетке жиі ауысып отырады. Сондықтан, бұрынғы топтағы сияқты, үлкен адамдардың бала мінез - құлқын ұйымдастыруда үлкен рөлі бар. Бұл жаста бала салыстырмалы түрде алғанда көптеген қимылдың қорын меңгереді, бірақ ол әлі өз әрекетінің нәтижесі жөнінде ойланбайды, ол сол қимыл барысын, оның эмоциялық әсері арқылы қабылдайды. Бала енді өз қалауынша немесе тәрбиешінің ұсынысы бойынша қимылды қайталай алады. Қимылдың бағытын сақтай, оның кейбір тәсілдерін айыра да алады. Бұл жастағы балаларға қимылдың жаңадан сан алуан түріне кірісіп кетуге ықыласты болушылық тән. Әрекетті жасай отырып, бала олардағы белгілі қимыл жүйелілігін сақтай алады. Қимыл дағдылары мен шеберліктерін қалыптастыру таныс бейнелер әрекеттер еліктеу негізінде жалғастырылады. Бұл жаста баланы қимыл орындалуға тиіс жағдаймен алдын ала таныстырудың бұрынғыдай маңызы зор. 4 жасқа аяқ басқан балаларға заттар арқылы ойналатын жаттығуларға бейімділік тән.

Көжектер
Баланы бірінші кішкентай көжектерге ұқсап секіртіп, содан кейін үлкен қояндарға еліктеп секірту. Жаттығуды түрлендіріп қақпадан, тас қамалдан құлыншақ, кенгуру, бақа, түлкіге ұқсап секіріп өту ұсынылады. Жаттығуларын түрлендіріп өткізуге болады. Балаларға әр түрлі бағытқа қарай секіруді және қайта орнына оралуды үйрету қажет.

Таяққа асыл
Таяқтан ұстаңыз да (хоккей клюшкасын) балаға таяқтың екі ұшынан қолымен ұстап алып, ауада ілініп тұратындай ұстатыңыз да таяқты жоғары көтеріңіз. (ата – анасы да ұстаса болады, жаттығу орындау барысында иілуге, қолды көтеріп түсіруге және аяғын бүгуге болмайды)

Допты ұста
Балаға допты еденге қатты ұрып лақтыру қажет, лақтырған кезде доп қабырғаға тиіп, қайта ұшып кететіндей болуы керек. Бала допты қағып алып қайта лақтыруы қажет.

Доптың астында бұрылу
Балаға допты еденге жоғары ұшатындай етіп лақтыруы қажет, доп жоғары ұшқан кезде бала өзі жылдам айналып допты қағып алуы керек. Бұл жаттығу баланың қозғалысын сезімнің бірыңғайлы және допты қағып алу дағдысын дамытады.

Жоғары – төмен
Баланың жанында тұрыңыз және онымен бірге баяу отыра бастаңыз, кейін тепе – теңдікті сақтай отырып баламен бірге орныңыздан тұра бастаңыз. Жерден тұрған кезде аяқтың ұшына тұруға тырысыңыз. Жаттығу балаларға тепе - теңдік сақтай білуді жылдам меңгеруге көмектеседі.

Тепе - теңдік сақтаймын
Баланың жанында тұрыңыз, әр балаға аяқтарын тізеден бүгіп көтерілу тапсырылады. Бірте - бірте аяқтың табанын жоғары көтеру ұсынылады. Алғашқыда бұл жаттығуды қабырғаның қасында орындау керек. Себебі керек уақытында тепе - теңдік сақтау үшін қабырғадан ұстауға болады.

Жіптен жасалған допқа тигізу
Жіптен жасалған допты баланың белінің деңгейіне жететіндей етіп іліп, қолына үстел теннисінің ракеткасын беріп, жіп добын ракеткамен ұруы қажет. Ұрған кезде дәл тигізуді көздеу. Бала жіп добын ұрған кезде екпінмен ұру күшін алмастырып отырған тиімді.

Маймылдар
Ата – аналары балаларымен бірге шеңберге тұрады, бір – бастаушы тағайындалады. Бастаушы әр түрлі жаттығулар ойластырып өзі орындайды, содан бәрі бірге қайталайды. Жаттығу әр түрлі

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама