- 02 қаз. 2015 00:00
- 342
10 жылдан кейін асүйлер қандай болмақ?
Миландағы өткен «EXPO 2015» көрмесінде болашақ асүйдің концепті ұсынылды.
2025 жылғы асүй осындай болмақ
Интерактивті үстелге азық-түлік қойсаңыз, сол сәтте онымен оңай әрі жылдам дайындалатын рецепт аласыз.
Рецепт қабырғадағы экрандарға шығарылады
Үстелдің үстінде азық-түліктерді турап қана қоймай, оларды сол жерде әзірлеуге де болады. Үстелдің астыңғы бетінде орналасқан индукционды катушкалар плитаны емес ыдысты ысытады. Сондықтан мұндай плитада күйіп қалу мүмкін емес.
Тоңазытқышты ашып, жабу да қажет болмайды. Сөрелерде орнатылған индукционды суыту технологиясы азық-түлікті контейнерлерде сақтауға мүмкіндік береді.
Әр азық-түлікке жеке, қажет болған температураны қоюға болады.
Бұл балық тілімі Цельсий бойынша +2 градус температурада сақталынады. Температура қақпақта көрсетіледі.
Ыдыс-аяқ жуатын шұңғылшаның артында жылжымалы панель орналасқан. Ол жерде тұрмыстық заттар мен қоқысты кәдеге жаратуға арналған жүйе бар.
Ол жүйе тасталынып жатқан заттарды қадағалауға көмектеседі. Қолмен сұрыпталған қоқыс тығыздалып, дәнекерленеді және таңбаланады.