Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
10 саны. Бір таңбалы және екі таңбалы сандар. Сандар қатары
Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы,
Чапаев ауылы, М. Әуезов атындағы ОЖББМ
бастауыш сынып мұғалімі
Амангельді Айгерім Ерланқызы

Математика 1 - сынып
Сабақтың тақырыбы: 10 саны. Бір таңбалы және екі таңбалы сандар. Сандар қатары
Жалпы мақсаттары: Білімділік: 10 санының құрылуымен таныстыру және «бір таңбалы, екі таңбалы сандар» ұғымын қалыптастыру.
Дамытушылық: Оқушының зейінін, зерде үрдістерін, пәнге қызығушылығын, жүйелі ойлау қабілетін дамыта отырып, шапшаңдық, жылдамдық, көрегендік қасиеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Есептеу дағдыларын күнделікті тұрмыста қолдана білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Көрнекіліктер: сандар, сюжетті суреттер, слайд, видео, оқулық.
Күтілетін нәтиже: 10 санының құрылуымен танысады және «бір таңбалы, екі таңбалы сандар» ұғымын түсінеді.

I. Тұсаукесер.
Оқушылармен амандасу, түгендеу. Бүгінгі сабақтың барысымен және мақсатымен таныстыру.
- Көлде қанша балық қалды?
5 - 1=4
5 - 4=1
- Тауық қанша балапан шығарды?
- 10
(слайд 3 - 4).
- Балалар, біздің еліміз қалай аталады?
- Қазақстан Республикасы.
- Ұлтымыз қалай аталады?
- Қазақ.
- Мейрамда біз де саяхатқа шығайық. Нағашы ауылына қонаққа барайық. Алдымен саяхатқа әзірліктеріңді тексеріп алайын.
8 +1 9 - 1 6+3 9 - 3
7+2 9 - 2 5+4 9 - 4

II. Мағынаны тану.
А) 10 дегеніміз қандай цифралардан тұрады? (1 және 0)
10 – екі таңбалы сан. Барлық сандар 10 саны сияқты 0, 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9 цифрларынан кейін орналасады.
10
1 9
2 8
3 7
4 6
5 5
6 4

«Көршісін тап».
3, 5, 2, 4, 6, 7, 8, 9, 10. (слайд).
Ә) Суреттермен жұмыс.
Үйректерді санап, жауап береді.
10 дегеніміз 9 және 1 немесе 1 және 9.
9+1 =10
10 - 9=1
10 - 1=9
Б) 1 дм - де 10 см бар. 1 см жолақшаны жалғастырып, 10 рет бойлай алып, 10 см =1дм,, теңдігін құрал арқылы түсіндіру.
В) Біртаңбалы сандар екі таңбалы сандар
Оқулықпен жұмыс.
№1 -- 83 бет, дәптерге орындау - 21 бет
Сергіту сәті
Тамшы болып тамайық,
Арықпен бірге ағайық.
Көлшік болып жиналып,
Күнге қолды бұлғайық.
Күн көзімен құрғайық.
Бу боп аспан төрінде
Бұлттар санын құрайық
Бұлттан жаңбыр сөгілер,
Жер әлемге төгілер.
Өткен материалмен жұмыс. №2 - 84 бет
Сәйкестендір. (слайд ).
1, 2, 3, 4, 5, 6.
Ауызша жұмыс№3 - 84 бет
Оқулықтағы №4 дәптерге орындау
1. Сол жақта сиырлар мен бұзаулардың суреті салынған. Оларды санайық. Бұлардан қандай өрнек құрастыруға болады?

2. Оң жақтағы жылқылар мен құлындардың суреті берілген.
Қандай өрнек құрастыруға болады?
3. Оң және сол жақтағы суреттерін санын салыстырайық. Ол үшін қатар екі өрнек жазамыз да, салыстыру (« >», «<») таңбаларын="" қоямыз.="" қандай="" таңбаны="" қою="" керек,="" неліктен?="" теңсіздікті="">
№5 тапсырма кеңістікті елестету, заттардың белгілерін бөліп алу, салыстыру дағдыларын дамытуға арналған.
Ретімен орналастыр. (слайд )
9, 3, 4, 1, 8, 7, 5, 2, 6, 10.
Дәптермен жұмыс.
10 санын әдемі етіп жазу. №3 - 22 бет /салыстыру/
6 * 7
6 * 6 +1
9 - 3 * 9 - 4
3 *4
8* 8 - 3
10 - 1 * 10 - 2
10 * 9
10 * 9+1
Өздік жұмыс. №5 - 22 бет
Өз орнын табуға көмектес.
(слайд )
5 - 2
6+2
3 - 1
7 - 2
2+2

IIІ. Ой толғаныс.
- Бүгін қандай тақырыппен таныстық?
- Сабақта не істедік?
- Қандай тапсырма қиын болды?
Бағалау. Жақсы жұмыс істеген оқушыларды мадақтау.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама