- 05 нау. 2024 02:42
- 195
Г дыбысы мен әрпі
Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы,
Чапаев ауылы, М. Әуезов атындағы ОЖББМ
бастауыш сынып мұғалімі Амангелді Айгерім Ерланқызы
Сауат ашу 1 сынып
Сабақтың тақырыбы: Г дыбысы мен әрпі
Жалпы мақсаттары: Білімділік: Оқушыларға Г дыбысы мен әрпін таныту, сөздегі орны туралы түсінік беру. Ол берілген сөздерді оқу және жазуға үйрету.
Дамытушылық: Балалардың сөйлеу мәнерін, байланыстыра сөйлеу дағдыларын, сөздік қорларын, жұмбақ шешу, сөз ойлау арқылы тіл байлықтарын дамыту.
Тәрбиелік: Балаларды ұқыптылыққа баулу, таза, сауатты жазуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ жауап, ойын.
Көрнекіліктер: суреттер, кеспе әріп, слайд, оқулық, сөзжұмбақ.
Күтілетін нәтиже: Оқушылар «Г» әріпі бар сөздерді жазып, оқып үйренеді.
I. Тұсаукесер.
1. Оқушылармен амандасу, түгендеу.
«Ой қозғау». Сұрақтар:
- Дыбыс пен әріптің айырмашылығы неде?
- Дыбысты айтамыз, естиміз.
- Әріпті көреміз, жазамыз.
- Қазақ тілінде қанша әріп, қанша дыбыс бар? 42 әріп, 40 дыбыс
- Сөз неден құралады?
- Сөйлем неден құралады?
- Дауысты дыбыс дегеніміз не?
- Дауыссыз дыбыс дегеніміз не?
Қандай сөздер шығады?
Ойын «Қол шапалақтау»
Шарты; Егер айтылған сөздің ішінде Г дыбысы болса, қол шапалақтаймыз
Жоқ болса шапалақтамаймыз
Көгершін, көбелек, бәйге, тай, гүл, балапан, газет, мысық, шеге, бүлдірген.
Өзі сондай нәзік,
Су құйсаң кетеді.
Алақанын жазады. (Гүл)
Бейбітшілік құсы деп,
Атайды оны барша жұрт.
(көгершін)
Аналарға сыйлайтын,
Аралар бал жинайтын.
Үзуге адам қимайтын,
Бұл не? (гүл)
II. Мағынаны тану.
— Қане, балалар, «гүл» деп айтайықшы!
— Ендеше, біз бүгін «Г» әрпі және дыбысымен танысамыз.
— Қане, бәріміз дыбыстайықшы: «Г»
— Балалар, қалай ойлайсыңдар «Г» дыбысы айтылуына қарай қандай
дыбыс? (дауыссыз дыбыс)
— Неліктен дауыссыз дыбыс?(өкпеден шыққан ауа кедергіге ұшырайды, әндетіп
айта алмаймыз, созылмайды)
— Ендеше қандай текшемен белгілейміз?(көк текше)
Әріп таңбасымен (жазба, баспа түрі) таныстыру. Неге ұқсайды?(кран, шалғы, «Ғ» дыбысы). (бейнетаспадан көрсету).
Оқулықпен жұмыс.
1. Бір буынды, екі буынды сөздерді оқыту.
га, гу, ги, е - гіз, ше - ге, е - геу, не - ге.
2. «Бидай» әңгімесі.
Тізбектей оқу.
Нан – ас атасы. Ол бидай ұнынан жасалады. Нанды жерге тастамайды, үстінен аттамайды, үстіне ешбір затты қоймайды. Нанды бір қолмен үзіп жемейді. Қазақтар нанды қасиетті деп санайды. Алайда нан ұннан, судан жасалады. Нанға тұзды да қосады, тұздан басқа нанға ашытқылар (дрожи) қосады, олар өз кезегінде нанды пешке салу үшін қабығын қалындатып көтереді.
Мақал - мәтел.
Нан бар жерде ән бар.
Дәнді шашпа, нанды баспа.
Ас атасы - нан.
Ас адамның арқауы.
Сергіту сәті.
(Бейнетаспадан көрсету)
Дәптермен жұмыс.
1. Жазу жолындағы әріптерді жазу.
2. Сөздік диктант.
Шеңгел, ауа, су, ну, ту, ана, ата.
ІII. Ой толғаныс.
Г дыбысының орнын табу. Сөздің басында, ортасында кездеседі. Сөздерді буынға бөлу.
Гүл, глобус, гүлзар, газет – сөз басында;
Шеге, кереге, дәрігер – сөз ортасында.
Бекіту сұрақтары:
- Қандай әріппен таныстық?
- «Г» әріпі қандай дыбыс?
Сөзжұмбақ.
- Қыздарға мейрамда берілетін сыйлық?
- Барлық ауруды емдейтін кім?
- Аяғы үшкiр,
Басы доғал.
Ұрсаң шөгедi,
Ұрмасаң обал. Ол не?
- Бейбітшілік құсы?
Рефлексия.
- мұғалім сұрағына жауап бердің бе?
- басқа оқушылардың жауаптарын толықтырдың ба?
- тапсырманы орындадың ба?
Бағалау.
Мадақтау.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.