Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 4 күн бұрын)
12 жылдық білім беру жағдайында оқушыларға бейіналды даярлық жұмыстарын ұйымдастыру» тақырыбындағы семинар
12 жылдық білім беру жағдайында оқушыларға бейіналды даярлық жұмыстарын ұйымдастыру тақырыбындағы семинар

Біздің Алдымызда тұрған негізгі міндет - сапалы білім бере отырып, кәсіптік шеберлікке баулу. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті - ұлттық және адамзаттық құндылықтардың, ғылым мен практика жетістіктерінің негізінде жеке тұлғаны қалыптастыруға, дамытуға, оның кәсіби шеберлігін шыңдауға бағытталған білім алуға қажетті жағдайлар жасау» деп атап өтілген. Демек, бізге оқытудың жаңа технологияларын енгізу, таңдаған бағытқа сәйкес пәндердің тереңдетілген деңгейде оқытылуын қамтамасыз етуіміз керек.

Бейімдеп оқыту - білім беру саласында басты мәселелердің бірі. Қазіргі 11 жылдық мектепте – сыныптарда жаңа стандартпен жұмыс жасалуда. Бейімдеп оқыту пән мұғалімдерінің алдына осындай міндеттерді жүктейді. Жоғары сыныптарда қоғамдық - гуманитарлық және жаратылыстану - математикалық бағдарда оқыту базалық білім негізіне сүйенеді. Бұл бағыттарда білім беру оқушылардың болашақ мамандығы мен іс жүзіндегі іс - әрекетін нысана ете отырып белгілі бір нәтижені көздейді. Педагогикалық ұжым осы мақсаттарды іске асыру тұрғысында көптеген игі істердің ұйтқысы болуда. Түрлі тақырыптарда жиі - жиі мектепішілік семинарлар, әдістемелік кеңес отырыстары өткізілуде. Соның бірі 269 мектепте алғаш рет кәсіптік білім беру орындармен бірлесе отырып өткізілген мектепішілік « 12 жылдық білім беру жағдайында оқушыларға бейіналды даярлық жұмыстарын ұйымдастыру» тақырыбындағы семинар болатын. Семинардың мақсаты 12 жылдық білім мазмұнының негізгі өзегі - қарқынды дамып келе жатқан өзгермелі қоғамда өмір сүруге икемді, жеке басының, сондай - ақ қоғам пайдасына қарай өзін - өзі толық жүзеге асыруға дайын білімді, шығармашылыққа бейім, құзіретті және бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыру болатын. Семинарға Байқоңыр қаласындағы «Космос» колледжінен, Қазалы ауданындағы көлік техникалық колледжінен оқытушылар мен студенттер келіп өздерінің іс - тәжірибелерімен бөлісіп, өздерімен ала келген көрмелерімен таныстырып өтті. Сонымен бірге Төретам мешітінің қызметкері мамандық туралы, білім туралы уағыз айта отырып оқушылардың бойына ізгіліктің, имандылықтың нұрын құйды.

Семинарды мектеп басшысы Аманова Фарида келген қонақтарға сәттілік тілей отырып, оқушыларға болашақ таңдап отырған мамандықтары туралы сауал қойып, ақыл - кеңес сұрауларына кеңес бере отырып семинардың бағдарламасымен таныстырды. Семинар барысында математика пәнінің мұғалімі Төлейова Халида «12 жылдық оқытудың мазмұны - білім алушылардың құзіреттілік жүйесін қалыптастыру» тақырыбында пікірталас өткізді. Аталған тақырыпта баяндама оқыды. «Қазіргі м ұғалім» қандай болуы керек деген сұрақтарды ортаға тастады. Пікірталасқа қатысушылар өз пікірлерін кең көлемде жеткізді. «Білім алушылардың құзіреттілік жүйесін қалыптастырудың негізгі субъектісі - оқушылардың өз бетінше жұмысын тиімді ұйымдастыру» жайлы, оның мақсаты, міндеті, нысаны, жаңашылдығы, болжамы жайлы айтып өтті. «Бейінді оқыту деген не?», «Бағдарлы оқыту сатысының мұғалімі қандай болу керек?» сұрақтары бойынша пікірталас өткізілді. «12 жылдық оқытудың мазмұны - білім алушылардың құзіреттілік жүйесін қалыптастыру» тақырыбындағы пікірталасқа мұғалімдер, «Космос» колледжінің оқытушылары, Қазалыдағы КТК оқытушылары, көрші №99 орта мектеп мұғалімі қатысты. Пікірталас өте қызықты, тартымды өтті. Пікірталас қатысушылар тарпынан өз дәрежесінде жүргізілді, құрылымы жүйелі жасалған деп қорытындыланды

«Мамандықтың бәрі жақсы, таңдай білсең болғаны» тақырыбында кездесу кешін 6 - сыныптар арасында Досаева Шакизат пен Медетова Гүлзира ұйымдастырып откізді. Кештің мақсаты оқушыларға болашақ мамандық және оқу бағдарын таңдауға көмектесіп, шақырылған мамандық иелерінен көкейлерінде жүрген сұрақтарына жауап табу болатын. Кешке «Космос» колледжінің оқытушылары мен мешіт қызметкері, Қазалы қаласының КТК оқытушысы мен студенттері, Төретам кенті кітапханасының бас маманы, мектебіміздің медбикелері қатысып, қойылған сауалдарына жауап бере отырып, қандай мамандық болса да қиыншылығы болатынын, ол үшін ең маңыздысы терең білім мен жүректің тазалығы деп атап өтті. Алтын уақыттарын бөліп келген қонақтарға естелік ретінде сый - сияпат тапсырып, ризашылықтарын білдірді.

Тарих пәнінің мұғалімі Байкубекова Гүлназ 7 - ші сынып ата - аналарымен «Бала - әр ата - ананың болашағы, өмірінің жалғасы» тақырыбында жұмыс өткізді. Бұл жұмыстың мақсаты ата - аналарды пікір айтуға ынталандыру, ортақ шешімді анықтау, болашақта баламен жұмыс істеу міндетін белгілеу, баланың таңдап отырған мамандығына құрметпен қарауға қалыптастыру. Мұғалім ата - аналарға арналып дайындаған сауалдарына жауап ала отырып, ата - аналардан «Сіз қандай ата - анасыз» атты тест тапсырмаларын алып, тренингтер өткізді. Ата - аналарға ситуациялық сұрақтар қоя отырып, пікірлері тыңдалды. Қорытындылай келе Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың жолдауындағы мына бір сөзді тілге тиек етті. «Ұлттың бәсекелестік қабілеті бірінші кезекте оның білімділік, тәрбиелік деңгейімен анықталады» Сондықтан еліміздің болашағы жастарымыздың заман талабына сай сапалы білім, саналы тәрбие алуына бірлесе атсалысайық, құрметті ата - ана - деп келген ата - аналарға ризашылығын білдірді.

Байқоңыр «Космос» колледжінің I санатты оқытушысы Жұмалиев Сейтмухаммед Сейтқалиұлы 9 Ә - сыныбына «Байланыс технигі» мамандығына байланысты ұғымдарды түсіндіріп, осы мамандық әлемінің салаларының ерекшеліктері туралы түсінік қалыптастырды. Оқушылармен жұмбақ ойындары ойналып, семантикалық картамен жұмыс жасалды. Ашық сабақ «өте жақсы» деп бағаланды.

Сонымен қатар Байқоңыр «Космос» колледжінің оқытушысы Назарова Шынаргүл Ералиқызы 9 Б - сыныбына «Құрылыс технигі мамандығы» тақырыбында үйірме жұмыс өткізді. Үйірмеде студенттердің теориялық сабақтан алған білімін тереңдетіп көрсетуге, өз білімдерін ортаға салып, өз ойлары мен бөлісу арқылы жұмыс жасайды. Мысалыға алсақ студенттер құрылыстың қалай тұрғызылатынын, олардың қабырғаларының неден тұрғызылатынын, өз көздерімен көріп оны жасап шығару - екенін Шынаргүл Ералиқызы оқушыларға түсіндіре отырып, практикалық жұмыс көрсетті. Оқушылар практика жұмысын қызығып орындады. Үйірме жұмысы «өте жақсы» деп бағаланды.

Семинар соңында

«Космос» коледжінің оқу ісі жөніндегі орынбасары Дәуленбаева Шолпан Әнуарқызы: Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаев Қазақстан халқына жолдауында «Негізгі міндеттердің бірі – осы заманғы білім» жүйесін әлемдік деңгейге көтеруді мақсат ете отырып, тиісті білім білік алған еліміздің кез келген азаматы әлемнің кез келген елінде қажетке жарайтын маман болатын деңгейге көтеру қазіргі заман талабы – деп президентіміздің жолдауын басшылыққа ала отырып жас ұрпақ болашақ білікті маман дайындау біздің міндетіміз – дей келе 9 сынып, 11 сынып бітіруші түлектерді «Космос» колледжіне оқуға түсуге шақырды.

Қазалы техникалық коледжінің оқытушысы Ахай Маржанкүл Керімбердіқызы: Сіздер мектеп қабырғасынан ұшып үлкен өмірге жолдама алғалы тұрсыздар. Әрбір азамат алдына қойған мақсаттарына жету үшін биіктерден көрінетін, ілгері жетелейтін мамандық таңдай білуі қажет, ал дұрыс мамандық таңдау – сіздердің жарқын болашақтарыңыздың кепілі!

Әрине, қазір мамандық түрлері өте көп. Бірақ көптеген мамандықтардың ішінен бірін ғана таңдау қиын әрі күрделі. Себебі, сіздер мамандықпен қатар өздеріңіздің болашақ – тарыңызды таңдайсыздар. Сондықтан, «келісіп пішкен тон келте болмайды» дегендей ата – аналарыңызбен ақылдаса отырып, Қазалы техникалық колледжіне түсіңіздер деп бүгінгі өткен семинарды ұйымдастырған мектеп басшысына бейіндік завучқа жане басқа да семинарға атсалысқан мұғалімдерге ризашылығын білдірді.

Бұл семинардың нәтижесінде әрбір үстеу сапалы білім бере отырып, болашақ қажет мамандық тыңдата білудің ұтымды жолдарын, жаңа әдіс – тәсілдерін меңгерді.

Бүгінгі заман – бәсекелестік пен жоғары технологиялар заманы ғылым мен білім заманы. Сол себептен жеке тұлғаны дамытуға бағытталған бейімдеп білім беру оқушыларға ғылым негіздерін үйретіп қана қоймай, әр оқушының бейімділігін анықтауға және тұлғалық негізіне қарай білім алуға көмектеседі. Ал баланың табиғи қабілетін зерттеу арқылы болашақ мамандығына баулу – әрбір ұстаздың улы міндеті.

Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы,
Төретам кенті, №269 орта мектеп №269 орта мектептің
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Тлеуова Гүлжан

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама