Photo: Juan Pablo Serrano (https://www.pexels.com/@juanpphotoandvideo) / Pexels
- 18 нау. 2026 15:30
- 29
30 тамыз демалыс күні болмайды: Қазақстандықтар Конституция күнін қашан тойлайды?
Биыл қазақстандықтар 30 тамызда, яғни Конституция күнінде демалысқа шықпайды. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Виктория Шегай мәлімдеді. Бұған дейін бұл күн Қазақстан Конституциясының күні ретінде аталып өтіп, демалыс күні болған еді. Алайда, жаңа Конституция қабылданғаннан кейін мереке күні басқа уақытқа ауыстырылады.
Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Вице-министрдің айтуынша, жаңа Конституция күшіне енгеннен кейін, 15 наурыз ресми түрде Конституция күні болып бекітіледі. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдау туралы республикалық референдум 15 наурызда өтті. Енді бұл күн жыл сайын Конституция күні ретінде аталып өтетін болады.
Жаңа Конституция 2026 жылдың 1 шілдесінен бастап ресми түрде күшіне енеді.