Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 сағат бұрын)
"Көшеде жүргендей жүрсіз": Қошанов депутат Әбеновке ескерту жасады

Мәжіліс отырысы кезінде палата төрағасы Ерлан Қошанов депутат Мұрат Әбеновке қатысты ескерту жасады. Төрағаның айтуынша, депутат отырыс барысында зал ішінде еркін жүріп, жұмыс тәртібін бұзған.

Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Зал ішіндегі тәртіпсіздік

Ерлан Қошанов Мұрат Әбеновке қарап: "Мұрат, қыдырып жүрсіз ғой. Көшеде жүргендей жүрсіз ғой", – деп ескертті. Төраға депутатты тәртіп сақтауға шақырды.

Әлеуметтік желідегі пікірталас

Бұл жағдай әлеуметтік желіде қызу талқыға түсті. Кейбір қолданушылар төрағаның талабын қолдап, депутаттардың отырыс тәртібін бұзбауы керектігін айтса, енді бірі мұндай шектеулердің қажеті жоқ деген пікір білдірді.

Жаңалықтар

Жарнама