Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
4 – ке көбейту және бөлу кестесін құрастыру
Математика
Сабақтың тақырыбы: 4 – ке көбейту және бөлу кестесін құрастыру.
Сабақтың мақсаты:
а) оқушыларға 4 – ке көбейту және бөлу кестесімен таныстыру, және көбейту мен бөлу амалдарына есептер шығаруға машықтандыру. Өзін – өзі тексеру дағдысын қалыптастыру.
ә) оқушылардың білім – білік дағдыларын кеңейту, ой – өрістерін шығармашылығын киялдау қабілеттерін дамыту пәнге деген қызығушылығын арттыру.
б) оқушыларды тапқырлыққа, тазалыққа, бірлікке тәрбиелеу.
Типі: Жаңа білімді жетілдіру
Түрі: Ойын сабақ
Әдісі: Түсіндіру, сұрақ – жауап, топпен жұмыс, сын тұрғысынан ойлау
Көрнекілігі: сюжетті суреттер, мультимедиялық проетор, тақта, слайд, тест тапсырмалары

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру
Бүгінгі сабағымыз ерекше сабақ. Біздің сабағымызға қонақтар, мұғалімдер қатысып отыр.
1. Психологиялық дайындық.
1 слайд.
Бұл қай кезде болады?
Бұлттар төніп
Жерге шөгіп
Дымқыл тұман басады.
Шөп сарғайып,
Өңі тайып,
Дала сұры қашады.
Бой жаза алмай,
Ойнай алмай
Денең мұздап тонады.
Айтыңдаршы, балалар
Бұл қай кезде болады?
Ш. Ахметов
- Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
- Күз айларын айтайықшы?
(қыркүйек, қазан, қараша)
- Олай болса, біз бүгінгі математика сабағымызда «Күздің кереметтерін тамашалауға серуенге шығамыз».
2 слайд.
Ширығу стратегиясын пайдаланып хормен айту.
Ғылымның сырын ұғына,
Шығыңдар білім шыңына
Ұқыптылық пен зеректік
Жеткізеді біздерді
Математика сырына.
3 слайд.
Қалт етпей қағып ал, жауабын тауып ал.
Тестпен жұмыс.
1. Ұзындық өлшемдерін белгіле?
а. литр
ә. грамм
б. Метр
2. Мына сандардың қайсысы 3 – ке бөлінеді?
а. 17
ә. 31
б. 18
3. Баласы 21 – жаста, ал әжесі одан 40жас үлкен. Әжесі неше жаста?
а. 40 жаста
ә. 61 жаста
б. 51 жаста
4. Санды 0 – ге көбейткенде мәні неге тең?
а. 1
ә. 0
б. 4
5. Әріпті өрнекті белгіле
а. с+70
ә. 90 - 43
б. 20+70
6. Килограммен өрнекте: 7ц 6кг
а. 76
ә. 706
б. 760
7. Көбейткіш 7, көбейткіш 3 көбейтіндінің мәнін тап
а. 10
ә. 14
б. 21
8. Қабырғасы 4см шаршының периметрін тап.
а. 14см
ә. 8см
б. 16см
4 слайд.
Үй тапсырмасын тексеру.
6 – тапсырма.
Динарада 200 теңге болды. Ол 5 теңгеден 3 шар сатып алды. Динараға неше теңге қайтарады?
7 – тапсырма.
5, 7, 9 цифрларынан ең үлкен және ең кіші сандар құрастыр. Олардың айырмасын тап. Шыққан айырманың мәнінен ең үлкен және ең кіші сандар құрастыр. Тағы да олардың айырмасын тап.
5 слайл.
Күз дегеніміз не?
Күздің тапсырмасы:
4 қаз ұшып барады
Биіктен төмен қарай
Аяқ нешеу, бас нешеу?
Жауабын кім табады?
(8 аяқ, 4 бас)

Оқу ісінің меңгерушісі: Қайырқұл. Ш. С.
4 – ке көбейту және бөлу кестесін құрастыру. жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама