Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
6 - сыныптың тәрбие жұмысының жылдық жоспары
6 - сыныптың тәрбие жұмысының жылдық жоспары
І бағыт. Қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие, құқықтық тәрбие
1 «Менің Отаным – Қазақстан»
Оқушыларды өз Отанын, елің, жерің сүюге баулу. Өз Отанына деген патриоттық сезімдерін ояту
2 «Ерлігің ұрпақ есінде»
ҰОС - на байланысты оқиғаларды еске түсіру арқылы оқушыларға жеңістің елімізге оңай жолмен келмегенін, қаншама адамның сол жеңіс жолында құрбан болғанын түсіндіре отырып, өз еліне деген сүйіспеншілік сезімге, отансүйгіштікке, өз елін қорғай білуге тәрбиелеу
3 «Ел сүйсінер ұлан бол»
Өз Отанын сүйетін, өз Отанының нағыз патриоты болуға ұмтылдыру, еліміздің Қарулы Күштеріне деген сүйіспеншілік, Отанының нағыз қорғаушысы болуға тәрбиелей отырып, жеке тұлғалық қабілеттерін қалыптастыру, жас ұрпақты бейбітшілікті сақтауға және нығайтуға тәрбиелеу.
4 «Тарихқа тұнған даламыз»
Қазақ хандығының құрылу тарихымен таныстыру, өз елінің өткен тарихына құрметпен қарау, ынтымаққа, адамгершілікке тәрбиелеу.
5 «Ата Заңым – тірегім»
Қазақ елінің тәуелсіздікке жету жолдары туралы мағлұмат беру. Елжандылық, өз Отанына деген сүйіспеншілік, өз мемлекетіне, жеріне, еліне деген құрмет, адамгершілік сезімдерін қалыптастыра түсуге жағдай жасау.
6 «Өз құқығыңды біл!»
Оқушыларды өз құқықтарын қорғай білуге үйрету, жас ерекшеліктеріне сай оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру. Болашақта заңды құрметтейтін ҚР - ның азаматы мен азаматшаларын тәрбиелеу

ІІ. Бағыт. Рухани - адамгершілік тәрбиесі
7 «Досы жақсының өзі де жақсы»
Оқушыларға дос, достық туралы әңгімелей отырып, олардың достық туралы ұғымын, түсінігін кеңейту, достық сезімдерін нығайту, оқушыларды адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу.
8 «Мейірімділік шапағаты»
Оқушылардың мейірімділік, қайырымдылық, адамгершілік құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту. Өзара сыйластық қарым - қатынасын дамыту, мейірбандыққа тәрбиелеу.
9 «Адамның ең жақсы қасиеті – әдептілік»
Балаларды кішіпейілділікке, үлкенді сыйлауға, жақсы қасиеттерді бойына сіңіріп, жаман қасиеттерден жирену сезімін дамыту. Оқушыларды әдептілікке, сыпайылыққа тәрбиелеу
10 «Жақсы мінез - жан сұлулығы»
Адамның мінез - құлқы туралы түсініктерін дамыту. Адамға берілетін жақсы мінездерін қалыптастыру туралы түсініктерін кеңейту.

ІІІ бағыт. Ұлттық тәрбие
11 «Ұлт тілі – ұлының үні»
Бабаларымыздың, ақындарымыздың тіл туралы айтқан ұлағатты сөздерін, өлеңдерін насихаттау, ана тілдің өміршеңдігін, адам тіршілігіндегі рөлін жетілдіру, оқушылардың тілін, білімін, сөздік қорын, мәнерлеп оқу дағдыларын қалыптастыра отырып, тілді құрметтеу сезіміне тәрбиелеу.
12 «Ұлттық ойындарды дәріптейік...»
Оқушыларға ұлттық ойындарды таныстыруды жалғастыру, жан - жақты қабілетті азамат тәрбиелеу, олардың жүрегіне ұлттық сана - сезімді ұялату білімін дамыту.
13 «Ұлттық тәрбие – ұрпақ ұжданы»
Қазақ отбасындағы тәрбиенің ерекшелігі туралы қысқаша мағлұмат беру, жас ұрпақ санасына туған халқына деген құрмет, сүйіспеншілік, мақтаныш сезімдерін ұялату, ұлттық рухын дамыту.
14 «Ұлағатты ұлттық ұғымдар»
Оқушының ұлттық салт - дәстүрде сөйлеу тілін дамыту, сауаттылығын арттыру, жеті ата, жеті байлық атты ұлағатты ұлттық ұғымдардан хабардар ету. Адамгершілік тәрбиесін қалыптастыру, үлкенді сыйлау, құрметтеу ата тегінің тарихына құрметпен қарау керегін ұғындыру.

ІҮ бағыт. Отбасы тәрбиесі
15 «Отбасы бақыт мекені»
Оқушыларға отбасы – қоғамның бір бөлшегі және адам үшін ең жақын әлеуметтік орта екенін ұғындыру. Бала тәрбиесінің алтын қазығы – туған ұясы, өз отбасындағы ата - ана тәрбиесі, өнегесі және ата - ана баланың басты ұстазы екенін түсіндіру. Ата - ана, ұстаз, оқушы арасындағы ынтымақтастықты нығайту.
16 «Имандылық жарасады ұл - қызға»
Оқушыларды адамдық асыл - қасиеттерді қастерлеп, өмір заңдылықтарын білуге үйрету. Адамгершілік қасиеттерге бағыттай отырып, оқушының рухани білімін байыту. Баланы имандылыққа, инабаттылыққа тәрбиелеу.
17 «Анасы бар адамдар ешқашан қартаймайды...»
«Анасы бар адамдар ешқашан қартаймайды...» Ананың өмірдегі орны, оның адамгершілігі, берер тәрбиесі жайлы түсіндіру. Оқушылардың мейірімділік, қайырымдылық құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.
Ананың өмірдегі орны, оның адамгершілігі, берер тәрбиесі жайлы түсіндіру. Оқушылардың мейірімділік, қайырымдылық құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.
18 «Халқым менің қонақжай»
Оқушыларға қонақ күту – қазақ халқының дәстүрлерінің бірі екенін, ол адамдар арасындағы қатынастың көрінісі екенін түсіндіру, қонақ күтудің ерекшелігін, оған балалардың және отбасының әр мүшесінің қатысын әңгімелеу. Сыпайылыққа, бауырмалдылыққа, қонақжайлылыққа тәрбиелеу.

Ү бағыт. Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие
«Келді, міне, жомарт күз!»
Мектепте өткізіліп жатқан «Алтын күз» мерекесіне ұйымшылдықпен қатыса отырып, күздің молшылық пен берекеге толы екенін оқушы санасына жеткізу. Ынтымақтастық пен татулыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Мемлекеттік бюджет туралы не білеміз?
Оқушыларға экономика саласы туралы мағлұмат беру. Сонымен қатар, бюджет ұғымын түсіндіре отырып, оның түрлерімен таныстыру, оны үнемдеу жолдарын көрсетіп, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
«Таза болса табиғат, аман болар адамзат»
Оқушыларда экологиялық мәдениетті қалыптастыру, өз ата - мекенінің табиғатын қорғауға, сүюге тәрбиелей отырып, жанашырлық және жауапкершілік сезімдерін қалыптастыру.
«Алуан - алуан кәсіп бар, таңдай біл де, талап қыл!»
Оқушыларға мамандықтың түрлері, олардың адам өміріндегі маңызы туралы түсінік бере отырып, өз бейіміне сәйкес мамандық таңдай білуіне ықпал жасау, оқушылардың қоғамға деген азаматтық позициясын қалыптастыра отырып, отансүйгіштікке тәрбиелеу, кәсіби бағдар беру, түрлі жаттығулар арқылы таным процестерін дамыту, өз пікірін еркін айтып, өзгенін пікірін сыйлай білуге, жүйелі ойлауға баулу.
6 - сыныптың тәрбие жұмысының жылдық жоспары. жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама