Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 3 күн бұрын)
7 саны және цифры
Сабақтың тақырыбы: 7 саны және цифры
Сабақтың мақсаты: 1. 7 саны және цифрымен таныстыру. Киелі сан екенін меңгерту.
2. Алған білімдерін саралау. Санды санға қосуға саннан санды азайтуға үйрету. Белгісіз санды табуға төселдіру. Ойлау, есте сақтау қабілеттерін ауызша есептеу дағдыларын ойын арқылы танымдық қабілеттерін логикалық ой - өрісін дамыту.
3) Еңбекқорлыққа, достыққа, мейірімділікке тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, жапырақтар т. б
Сабақтың түрі: кіріктірілген сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, ертегі желісімен
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі 1. Сабаққа назарын аударту.
Балалар, бүгінгі сабағымызда сынып үш топқа бөлінеді.
І топ: «Алғырлар» ІІ топ: «Тапқырлар» ІІІ топ. «Зеректер» Психологиялық дайындық.
Оқу - білім аламыз.
Біздер зерек баламыз
Математика пәнінде
Тапқыр, алғыр, боламыз

ІІ. Өткен сабақты пысықтау.
- Қазір жылдың қай мезгілі?
- Күз мезгілінде қандай өзгерістер болады?
«Төгілген жапырақтар» ойыны.
Қосынды бірінші бағанға, айырмалар екінші бағанға қойылады?
Қосудың компоненттерін атату.
Азайтудың компоненттерін атату.
Қосудың қандай қасиетін білесіңдер?
6санының құрамын еске түсіру.
- 6 қандай сан?
Сандық қатарда 6 санынан кейін қай сан келеді?

ІІІ. Жаңа сабақ
- Олай болса, бүгін 7 санымен танысамыз?
7 саны тақ сан және киелі сан.
7 саны туралы не білеміз?
«Ғажайып жеті санына» саяхат
7 ғалам: Оңтүстік, солтүстік, батыс, шығыс, жер, аспан, жер асты
7 күн: Бүгін, ертең, бүрсігүні, арғы күн, ауыр күн, соңғы күн, азына
7 ата: Бала, әке, ата, арғы ата, баба, түп ата, тек ата
7 қазына: Ер жігіт, сұлу әйел, қыран бүркіт, берен мылтық, ақыл - білім, жүйрік ат, жүйрік тазы
Біздің бағытымыз «Ертегілер елінде»
Біз ертегі тыңдағанды жақсы көреміз.
«Жеті лақ»ертегісін тыңдауға дайынбыз ба?
- Иә балалар ешкіге көмектесеміз бе?
Олай болса қасқырдың 1 - тапсырмасын орындауға дайынбыз ғой. Зейін қойып толық орындауымыз керек өйткені қасқыр біздің есіктен сығалап тұр.

1 - тапсырма
(слайд)

Теңдіктер қалай құрылғанын түсіндір.
Алғырлар тобы: 1 - ші сурет. 6.+1 = 7
Тапқырлар тобы: 2 - ші сурет. 7 - 1=6
Зеректер тобы: Кесіндінің ұзындығын өлше.
2 - тапсырма
(слайд)
3 - тапсырма.
(слайд)
Өзіндік жұмыс. Тиісті сандарды таңда.

4 - тапсырма. Теңдіктер құр.
(слайд)
Алғырлар: 1 - ші сурет қонжық. Дыбыстық талдау. Теңдіктер құру.
Тапқырлар: 2 - ші сурет машина. Дыбыстық талдау. Теңдіктер құру.
Зеректер: 3 - ші сурет қарындаш. Дыбыстық талдау. Теңдіктер құру.

5 - тапсырма. Шығармашылық тапсырма.
Алғырлар: үшбұрыш туралы айтқызу.
Тапқырлар: Ұқсастығы неде?
Зеректер: Айырмашылығы неде?

6 - тапсырма. Дәптермен жұмыс.
Математикалық жұмбақ
Алма бағы жайнаған
Қызыл алма айналып
Жаңа ғана шалғында
Алдым үзіп 5 - еуін
Тағы да алдым 2 – еуін
Алдым сонда нешеуін (7)
7 бұзау жүр еді
Әлде шаршап қалды ма?
Жатып қапты біреуі
Нешеуі енді жайылып
Жүргенін айт айырып
7 - 1=6
ІҮ. Қорытынды. 7 саны қандай сан?
Тақ және жұп сандарды атату. (слайд)
Ү. Мадақтау.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама