- 05 нау. 2024 02:08
- 235
Шығармашыл тұлға қалыптастырудың педагогикалық негізі
Жамбыл облысы, Байзақ ауданы,
Ақшолақ ауылы, Ақшолақ орта мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Байдильдаева Жаннетта
Шығармашыл тұлға қалыптастырудың педагогикалық негізі
Халқымыздың тарихындағы ақыл – ойдың алыбы Абай. «Адамға үш алуан адамнан мінез жұғады: ата – анадан, ұстазынан, құрбысынан, әсіресе солардың қайсысын жақсы көрсе, содан көп жұғады,» - деген. Ал көңіл түкпірінде «Сүйікті ұстаз» болуды армандамайтын мұғалім кемде – кем болар!? Өмірдің өзі педагогикаға жаңалықтарды үстін – үстіне әкелуде: жастар тез есейеді, олардың адамгершілік тәрбиесі, өмірге бейім болып қалыптасуы басты мәселе болып отыр. Міне, сондықтан да бала үшін өз ойын ашық жеткізе алатын орынға айналуы, дүниежүзілік білім кеңестігіне енуі бүкіл оқу - әдістемелік жүйеге, оқытушылар алдына жаңа талап, жаңа міндеттер қойып отырған қазіргі кезде оқушы өміріндегі мұғалімнің рөлі ерекше. Біз білім беру адамзаттың ортақ игілігіне айналған дәуірде өмір сүрудеміз.
Білім бастауы мектеп болса, мектептің басты тұлғасы, жүрегі – мұғалім. Мен педагогтік қызметімнің тақырыбын «Шығармашыл тұлға қалыптастырудың педагогикалық негізі» - деп айқындадым.
(қосымша 1).
Өзім оқыту әрекетімді, іс – тәжірибемді ұйымдастыруда оқушы тұлғасының жан – жақты дамуын зерттеуді, оқушылардың белсенді танымдық әрекетін жетілдіруге негізделген жаңа педагогикалық технологияны пайдалана отырып, ізденімпаздыққа баулу, танымдық белсенділігін көтеру жолдарын анықтауды мақсат етемін (қосымша 2). Бұл мақсатты жүзеге асыру үшін, алдыма мынадай міндеттер қойып отырмын.
1. Оқушылардың көркем ойлау және сөйлеу іскерлігін дамытуға арналған зерттеу жұмыстарына талдау.
2. Пән негіздерін жан – жақты әрі өмірмен байланыстыра отырып меңгерту тәсілдерін нақтылау.
3. Оқушылардың дарынын ашуға және жетілдіруге қолайлы жағдай туғызу.
4. Кез – келген ақпаратқа өзіндік талдау жасап, шешім қабылдай алатын тұлға моделін жасау (қосымша 3).
Қоғам талабына сай, өмір сүруге қабілетті оқушы дайындау үшін дидактикалық мына ұстаным қағидаларына жүгінемін. Оқушының ғылыми білімді меңгеруін, дүниетанымының қалыптасуын қамтамасыз ететін оқытудың ғылымилық ұстанымы, ғылым мен тәжірибенің диалектикалық байланысын ашатын өмірмен байланыстылық ұстанымы, оқушыны тануға, қалыптастыруға алғы шарт болып табылатын саналық пен белсенділік, жүйелік, жеке ерекшелігін ескеру ұстанымдарын, сол сияқты оқытудың ізгілік ұстанымы мен тұлға қалыптастырудың нәтижелі жолына қол жеткізу үшін педагогикалық әсерлердің жүйесін толық қамтитын үйлесімділік ұстанымының мәні ерекше деп ойлаймын.
Көздеген мақсатқа жету үшін кез - келген мұғалім жаңа педагогикалық құндылықтарға, ғылыми – зертеушілік әрекетті игеруге талпынады. Бұл ең – күрделі үрдіс. К. Д. Ушинский: «Мұғалім - өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім. Оқуды, ізденуді тоқтатысымен, оның мұғалімдігі де жойылады,» - деген.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.