- 05 нау. 2024 03:41
- 218
7 саны және цифры
Математика 1 сынып
Сабақтың тақырыбы: 7 саны және цифры
Мақсаты: білімділік – оқушыларды 7 санымен таныстыру, құрамын анықтай отырып, 7 санының қатарын ретімен ауызша санауға жаттықтыра отырып, логикалық ойындар арқылы есептер шығартып, білім - біліктілігін арттыру, тура және кері санауға үйрету.
Дамытушылық - геометриялық пішіндерді анықтау мен көлік түрлерін құрастырып жапсыру, қазақтың ұлттық тағамы наурыз көже туралы білімдерін толықтыру, санамақтар, мақал - мәтелдер мен тыйым сөздер айтқызу арқылы сөздік қорларымен тілін дамыту; тәрбиелік - ұқыптылыққа, бір - біріне деген достық қатынастыққа, салт – дәстүрді сақтауға, оны дұрыс орындауға тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: кеспе сандар, демонстрациялық материял, геометриялық пішіндер, кеспе суреттер 7 санына байланысты, электорндық оқулық.
Пәнаралық байланыс: көркем әдебиет, айналамен танысу.
Сөздік жұмыс: бірлік, жеті.
Мотивациялық кезең
Түгендеу, оқушылардың сабаққа даярлығын тексеру. Әр топқа бағалау парағын беру. Блоб ағашы арқылы оқушылардың сабаққа даярлық деңгейін, көңіл күйлерін
Іздену - ұйымдастыру
Олай болса, балалар бүгін сандар әлеміне саяхат жасайық. /саяхатқа шығу үшін екі топқам тұрады/
Ал, балалар, қазір біз саяхатқа шыққан кезде кедергілер кездесуі мүмкін, одан қиналмай өтуге тырысайық. Алдымен жолымыздың қысқа болуы үшін мынадай жаттығулар жасап, сергіп, күш - жігер жинап алайық.
Сергіту сәті
Кіп - кішкене балақан
Алға созып алақан,
Оңға, солға қарайды,
Саусақтарын санайды.
Ей, балақан, балақан,
Неге создың алақан?
Кел, шапалақ ойнайық,
Секіріп қол соғалық!
Балалар бұлақтан ағып жатқан суға келеді.
Сөйлем құрап, қанша бала бар екендігін анықтайды.
Балалар үлкен көлге келеді. Бұл көлде балықтар бар.
Кәне, балалар, балықтарды аулайық. Балықтың сыртындағы тапсырмаларды орындайық.
1 - балықта: 1 - ден кейінгі санды ата.
2 - балықта: санамақ айт
3 - балықта: 1 - ден 6 - ға дейін тура сана
4 - балықта: 5+1 есептеп шығар
5 - балықта: 6 - дан 1 - ге дейін кері сана.
6 - балық: 4 пен 6 - ның ортасындағы санды ата.
Ақмола облысы, Егіндікөл ауданы,
Тоғанас ауылы, Жаңақоныс негізгі мектебі
Жанаргүл Серікқызы Утебаева
7 саны және цифры. жүктеу