Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Көп таңбалы сандарды разрядтық қосылғыштарға жіктеу
№ 12. Тақырыбы: Көп таңбалы сандарды разрядтық қосылғыштарға жіктеу.
Мақсаты: Көп таңбалы сандарды разрядтық қосылғыштарға жіктеуді үйрену; көп таңбалы сандарды оқу, жазу, салыстыру дағдыларын бекіту; ауызша, жазбаша есептеу дағдыларын жетілдіру; құрама есептер шығара білуге үйрету.
Түрі: аралас сабағы.
Әдісі: сұрақ - жауап, талдау, іздену, салыстыру.
Көрнекілігі: суреттер, сызбалар, геометриялық фигуралар.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: амандасу, түгендеу, оқушы зейінін сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: № 6.
ІІІ. Білімін тексеру: Математикалық диктант. (әр оқушыға таратылып беріледі)

№ 2. (а). Сандарды оқы.
230 145; 4 780 000; 450 198; 324 471 142; 450 000 000.
№ 2(ә). Берілген сандарда барлығы неше бірлік, ондық, жүздік, бірлік мың, ондық мың, жүздік мың бар екенін ата.
№ 2 (б). сандар қатарын кему ретімен жаз.
450 000 000; 324 471 142; 4 780 000; 450 198; 230 145.
№ 3. Кестенің әр қатары бойынша есеп құрастыр және оны шығар. (3 топқа бөлініп)
Ш: 35 ∙ 5 = 175 Ж: барлығы бөлке нанға 175 теңге төледі
Ш: 55 ∙ 4 = 220 Ж: барлығы батон нанына 220 теңге төледі
Ш: 30 ∙ 6 = 180 Ж: барлығы күлше нанға 180 теңге төледі
№ 4. Есепті түсіндіріп шығару.
Ш: 240: 2 = 120 (тг) 1үлкен қойын дәптер
120 – 80 = 40 (тг) 1 кішкентай қойын дәптер
40 ∙ 5 = 200 (тг) төлеу қажет Ж: 200 тг төлеу қажет.
ҮІ. Түсінгендерін тексеру:
№ 5. Теңдеуді шешу. (4 оқушы тақтада). Өздік жұмыс. № 6.
470 000 = 400 000 + 70 000 400 020 = 400 000 + 20

ҮІІ. Қорыту. Бүгін не білдік? Шығармашылық жұмыс. № 8
(180 – 120) ∙ 4 + 350: (400: 80) + 210 – 4 ∙ 40 =360
ҮІІІ. Үйге тапсырма: № 7. 26 бет.
Бағалау
Көп таңбалы сандарды разрядтық қосылғыштарға жіктеу, жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама