Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 17 сағат бұрын)
Абай мен Әбіш
Сабақтың тақырыбы: Абай мен Әбіш (ел аузынан)
Сабақтың мақсаты:
а) Білімділік: Қазақтың ұлы ақыны, бүкіл жан – тәнімен, рухымен, ішкі сезім – күйімен, ақындық ойлау, жазу өнерімен қазақтың ұлттық болмысын танытқан Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығына толығырақ тоқталу. Мәтінді түсініп оқи отырып, негізгі ойын табуға үйрету.
ә) Тәрбиелік: Оқушыларға Абай өмірін үлгі ету, ұлы ақынға деген құрмет сезімге тәрбиелеу. Адамгершілікке, білімділікке, жаман қасиеттерден аулақ болуға, әңгімеден үлгі алуға, үлкенді, ата - ананы сыйлауға тәрбиелеу
б) Дамытушылық: Ойын толық жеткізіп сөйлеу дағдылары мен жазбаша тілдерін жетілдіре отырып ойын қорытып, сөйлемді дұрыс құруға дағдыландыру; түсіндіріп айта білу дағдысын дамыту.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту.
Сабақтың әдісі: СТО, «венн диаграммасы», «ассосоция», «кубизм», «РАФТ», сұрақ - жауап, бортты журнал шығармашылық жұмыс, ой қозғау, топпен жұмыс істеу әдістері.
Ақпараттық құрал: Интербелсенді тақта
Сабақтың көрнекілігі: Абай туралы бейне ролик, слайдтар, тапсырмалар, куб.
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, еңбек, дүниетану.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі
Топқа бөлу, үстел үстінен алынған сандар бойынша 5 ауылға бөлініп отырады, өз ауылдарын таныстырады.
1 - Құнанбай ауылы, 2 – Зере, 3 - Ұлжан, 4 - Абай, 5 - Әбіш ауылы.
Ой қозғау.
- Балалар сіздердің ауылдарыңыздың есімі кімнің есімімен байланысты?
- Бұлай аталуының себебі неде деп ойлайсыздар?
- Демек бүгінгі сабағымызға қатысты мына бір видео - роликке назар аударайық!
(Абай туралы) Сұрақ жауап, сабақ тақырыбы:
Абай мен Әбіш ел аузынан
Дәптерге күннің жады сабақ тақырыбы жазылады. «Бортты журнал» Дәптерді екіге бөліп бір жағын толтырамыз. Біз не білеміз және не білуім керек?
Абай Әбіш туралы не білеміз?

III. Мағынаны ашу
Оқулықпен жұмыс: «Абай мен Әбіш» мәтінді оқу, талдау..
Мәтінді мұғалім оқиды, оқушылар тізбектей оқиды, түсініксіз сөздердің астын сызып отырады.
Сұрақ: Балалар Әбіш қалай жауап беруі мүмкін? – Ақ зат асыл ма? Қара зат асыл ма?
Қалай ойлайсыздар? /балалардың жауабы тыңдалады/
Жалғастырып Әбіштің жауабы оқылады.
- Сөздікпен жұмыс
Қарымын сынау - күш қуат, ақылын байқау
Мәтінді талдау, топтар бір - біріне сұрақ қояды, жуан - жіңішке сұрақтар, басқа топ жауап береді.

Дәптермен жұмыс: Бортты журнал кестесін толтырады
Ақ затпен қара затқа қатысты зат есім мен сын есімнен жасалған сөз тіркестерін жаз
Мысалға:
- Ендеше, мәтінде қозғалған негізгі мәселелерге тоқталайық.
- Өздерің қалай ойлайсыңдар?
- Ақ сөзі асыл дегенді тағы қалай дәлелдеуге болады?
/Оқушылардың жауабы/
/ Қазақта «ақ» сөзімен тығыз байланысты ұғым өте көп. «Ақ жаулықты ана», «ақ сақалды қарт», «ақ сүт» дегендей, ақ сөзімен байланысқан ұғымы терең сөздер тазалықты, пәктікті айғақтайды. Ақ құйып шығару. Қазақ халқы ұрпағын ақты жерге төкпеуге, аяқпен баспауға үйретеді.
Ақ дегеніміз не? Бұл – сүт, айран, қатық, қымыз, шұбат… Осының барлығы ақтың құрамына кіреді.
Ақ түсінің мағыналық топтары
Тазалықтың белгісі ( ақ босаға, ақ отау, ақ бесік т. б.)
Сұлулықтың белгісі (ақ тамақ, ақ дидар, ақша бет т. б.)
Үлкендіктің белгісі( ақ сақал, ақ бас, ақ қас т. б.)
Қасиеттіліктің белгісі(ақ сүт, ақ ана ақ шаш т. б.)
Қуаныштың белгісі (ақ күн, «ақ сарбас» т.. б)
Адалдықтың белгісі (ақ жол, ақ ниет, ақ бата т. б.)
Сергіту минуты: Абайдың «Көзімнің қарасы» өлеңін тыңдау жатқа қосылып айту.
Қосымша мәлімет: Әбіш (Әбдірахман) Өскенбаев Абайұлы 1868 жылы дүниеге келді.
1882 жылы Семей қаласындағы үздік мектепке барады. 1886 – 1889 жылдары
Түмен қаласындағы Александров реалдық училищесінің 5, 6, 7 – кластарын оқып бітіреді.
1889 – 1892 жылдары Санкт - Петербургте Михайлов атындағы артиллерияда 3 жыл оқып білім алады. 1892 жылы Ташкенттегі бекініс гарнизонының артиллериясына қызметке жіберіледі. Өкінішке орай 1895 жылы 15 қараша Әбдірахман дүние салады.
- Абай балаларының біліміне үлкен мән берді. Олардың көзқарасын да ұдайы сынап отырды. - Демек Әбіш қандай адам болған?
- Ойлы, ақылды.
Әбдірахманға 1892 жылы берілген мінездемеде мінез - құлқының өте жақсы, ашық - жарқын екені, әскери қызметіне жауапты қарайтыны, таңдаулы офицер болғалы тұрғаны, бірақ денсаулығының нашарлап жүргендігі жазылады.
Шығармашылық тапсырмалар:
Құнанбай ауылы: Абай мен Әбішке венн диаграммасын толтырады.
Зере ауылы: РАФТ
Ұлжан ауылы: 5 жолды өлең құрастырып жазады.
Абай ауылы: Мәтінді сахналайды
Әбіш ауылы: Абайдың бір өлеңін жатқа айт, Әбішке мінездеме береді.
Сабақты бекіту: «Кубизм» әдісі
1. Суреттейді
2. Салыстырады
3. Байланыстырады (бұл туралы не ойлайды елестетеді)
4. Талдайды (неден тұрады? Не үшін?)
5. Қолданыңыз (бұнымен не жасауға болады, бұдан қандай қорытындыға келдіңіз?)
6. Дәлелде (бұл жақсы ма? жаман ба)
Қорытынды: Олай болса, Ақыл жастан, асыл тастан». Әбіштің өрелі ой, түйінді сөз айтқанын білдік. Олай болса, Абай: «Болмасаң да ұқсап бақ, бір ғалымды көрсеңіз, ондай болмақ қайда деп, айтпа ғылым сүйсеңіз», - дегендей, ата - ананың үмітін ақтайтын үнемі ақ көңіл, ақ ниетті ұл - қыздары болып өсейік.
Үйге тапсырма. Мәтінді оқып мазмұндау, ақ түс пен қара түске қатысты өз ойыңды жаз. Ақ және қара сөздеріне байланысты айтылған мақал, нақыл сөздерді жинақтау, мағынасын ашу
Бағалау: Оқушылардың бірін - бірі бағалауы

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама