Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Абай мен қойшы Көкшенің әңгімесі

Әдеттегі күндердің бірі еді. Қойшы шайға тойып алып, терлеп, кейін барып отырған соң, Абай:

Әй Көкше, енді ертегі айтшы? — дейді.

Қойшы: Абай аға, кедейде ертегі бола ма? Не айтамын?

Абай: Сені кім кедей қылды?

Қойшы: Кім болушы еді, Құдай-дағы.

Абай: Құдаймен бұрыннан араздық, өштігің бар ма еді?

Қойшы: Жоқ!

Абай: Ендеше неге жарлы болғаныңды Жаратқаннан көресің?

Қойшы: Мал бермеген соң айтқанымғой.

Абай: Құдайдың елге үлестіріп жатқан малы бар ма еді?

Қойшы үндемеді. Абай қойшыға қараған көзін аударып, біз жаққа, көпке қарады да: «Міне, көпшіліктің сөзі осылай келеді. Бұл зор адасқандық. Жас шағынан жалқаулыққа салынып алады да, талап қылып, талпынып, алысқа барып, еңбек қып, мал таппайды. Сол жалқаудың қырсығынан өз еңбегін өзі бағаламай, малы барға жалданады. Жалқау адамдар ішсе тамаққа, кисе киімге жарымайды, жоқшылықтан арылмайды. Ал жоқшылықты, кедейлікті Құдайдан көреді. Құдай оған ерінбей еңбек қып, мал таппа деп пе?...» - деді.

Сонда мен Абайға: Сіздің айтқан сөзіңізді ұғынатын кедейде ақыл-білім бола ма? — дедім.

Абай: Ақыл малда болмайды, баста болады, кедейдің де байдың да басы бар емес пе? — деді.

Дәулетияр Бітімбайұлының естелігінен


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама