Абай өлеңдері
Тіл дамыту 3 сынып
Сабақтың тақырыбы: Абай өлеңдері
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға Абай өлеңдерін мағынасын түсінуге, барынша терең меңгерту, жатқа айту.
Дамытушылығы: Оқушылардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне ықпал ету, ойлау қабілеттерін, сөйлеу мәдениетін жетілдіру.
Тәрбиелілігі: Оқушыларға эстетикалық тәрбие беру, сөз өнері және бейнелеу өнер дүниесіне сүйіспеншіліктерін арттыру.
Көрнекілігі: Абай Құнанбаевтың суреті, М. Әуезовтің кітабы, интерактивті тақта.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: ізденімпаздық, шығармашылық, проблемалық,
сұрақ – жауап.
Пән аралық байланыс: әдебиет, музыка, бейнелеу, тарих.
Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу, оқушыларды түгелдеу, сабаққа назарын аудару
II. Үй тапсырмасын тексеру.
- Балалар, үйге қандай тапсырма берілді? (Қожанасыр хикаялары?
- Үй тапсырмасын кім айтады?(1 - 3 оқушыдан сұрау)
- Олай болса, кешегі өткен сабағымызды қорытындылап жіберейік.
1) Қожанасыр қандай адам?
2) Қожа қалай достарының бетін қайтарды?
3) Қожанасыр сауда жасап, достарын қалай алдады?
4) Қожанасыр тойға барып, үй иесін қалай састырды?
5) Қожаның 4 - 4 алғандағы есебі қалай шықты?
Сұрақтарға жауап алынады.
III. Жаңа сабақ
Ой шақыру
Өлеңнің авторы кім жәнетақырыбы қалай аталады?
Ғылым таппай мақтанба,
Орын таппай баптанба.
Құмарланып шаттанба
Ойнап босқа күлуге...
Күннің жадысы мен сабақтың тақырыбын тақтаға жазу
Абай өлеңдері
Абайды тану арқылы біз Қазақстанды әлемге танытамыз, қазақ халқын танытамыз. Абай әрқашан біздің ұлттық ұранымыз болуға тиіс.
(Н. Ә. Назарбаев)
Абай Құнанбаев (1845 - 1904)
Ұлы ақын
Қара сөз шебері
Шебер аудармшы
Жазушы, философ
Абай (Ибраһим) Құнанбаев Құнанбайұлы (1845 - 1904) — ақын, ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер. Абай ақындық шығармаларында қазақ халқының әлеуметтік, қоғамдық, моральдық мәселелерін арқау еткен. Абай 10 тамыз 1845 ж. қазіргі Семей облысының Шыңғыс тауларында Қарқаралының аға сұлтаны Құнанбайдың төрт әйелінің бірі, екінші әйелі Ұлжаннан туған.
Абай бала кезінде ширақ, пысық болмағанымен, елдегі шешен, ақын, ертегішілер әңгімесін тез ұғып алатын зеректігімен, ынталылығымен ерекшеленген, Шортанбай, Дулат, Бұқар жырау, Марабай, Шөжелерді тыңдап өскен. Анасы Ұлжан да шешен болған, сөз қадірін білетін ортада өскен кісі. Әжесі Зеренің тәрбиесінде өскен. Әкесі оның зеректігін байқағаннан кейін, 10 жасқа толған соң Семейдегі Ахмет Риза медресесіне береді. Онда 4 жыл оқыған, Медресенің төртінші жылында ол осы қаладағы "Приходская школаға" да қосымша түсіп, онда 3 ай орысша оқиды. Құнанбай Абайдың өзге балаларынан ерекше зеректігін ерте сезіп, оны әрі қарай оқытпай қайтарып алып, ел ісіне араласуға баулиды. Сөйтіп 13 жастағы Абай әке ықпалымен әкімшілік - билік жұмыстарына араласады. Ол әке қасында болған жылдарда қазақ даласындағы әлеуметтік өмір қайшылықтарын жан-жақты тани түседі.
Бірақ онысынан пәлендей көңіл тоятындай нәтиже шығара алмайды. Сондықтан халқына пайдалы деп тапқан істерін көркем сөзбен, әсіресе, өлеңмен насихаттамақ болады. Абай бір жағынан шығыс классиктері Низами, Сағди, Қожа Хафиз, Науаи, Физули, Жәми тағы басқаларды оқыса, екінші жағынан А. С. Пушкин, А. И. Герцен, М. Е. Салтыков - Щедрин, Н. А. Некрасов, М. Ю., Л. Н. Толстой, И. А. Крылов, Ф. М. Достоевский, И. С. Тургенев, Н. Г. Чернышевский мұраларын оқып, терең таныс болған, Батыс әдебиетінен Гете, Дж. Байрон сияқты ақындарды оқып, Дрепер, Спиноза, Спенсер, Льюис, Дарвинсынды ғалымдардың еңбектерін зерттейді.
IV. Сергіту сәті. «Көзімнің қарасы» әнін аудиодан тыңдату.
V. Топпен жұмыс.
2 топқа ортақ тапсырмалар беріледі.
А) Оқулықтан өлеңді мәнерлеп оқу
Ә) Жыл мезгіліне байланысты мақал-мәтелдер жазу
Б) Күз суретін салу
Сабақты қорытындылау
1) Абай кім?
2) Абайдың әкесі кім?
3) Оның әжесі кім?
4) Абайдың анасы кім?
5) Абай Құнанбаевтың қандай әндерін білесіңдер?
6) Абай мұражайы қай қалада орналасқан?
7) Абайдың бүгін қандай өлеңдерін оқыдық?
Бағалау
Үйге тапсырма:«Қыс» өлеңін жаттау

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.