Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 күн бұрын)
Абай Құнанбаев “Қыс"
Ана тілі 3 - сынып
Тақырыбы: Абай “Қыс" (слайдымен)
Психологиялық дайындық.
Барлығымыз көзімізді жұмып:
Мен сабақта, мектептемін.
Менің зейінім тұрақты.
Мен жақсы ойлап отырмын - дейміз

- Өз біліміңді тексер! Тест
1. Ағыбай батыр есіміне қатысты сөзді ата.
А) Ер жүрек
б) Ақжолтай
в) Батыр
2. Жақия кімнің баласы?
А) Махамбеттің
б) Исатайдың
в) Амангелдінің
3. Б. Майлиннің «Күлпаш» әңгімесіндегі басты кейіпкерлерді атаңдар.
-....................
4. «Нұркен», «Батыр Бауыржан», «Комбаттың әңгімесі», «Ту тіккен Рақымжан» әңгімелеріндегі ортақ тақырып қайсысы?
А) Ұлы Отан соғысы
б) Азамат соғысы
в) Желтоқсан оқиғасы
5. М. Шаханов «Төрт ана» өлеңіндегі төрт ананы атаңдар?
Туған жер, туған тіл, салт - дәстүр, тарих.

Жұмбақ шешіп көрейік.
1. Қыста бар да, жазда жоқ.
2. Құлағы мен көзі жоқ,
Жоқ тіпті қол мен аяғы.
Бірақ ғажап өнерпаз,
Мәнерлеп ою ояды.

3. Көлге жапқан қақпақ
Сіресіп тұр –
Қатты – ақ.
4. Қанаты жоқ - ұшады.
Аяғы жоқ - желеді.
Аузы жоқ – ұлиды.

Сөзжұмбақ
1. Қыста ғана болады
Ұстасаң, қолың тоңады.
2. Мұрны жоқ шымшық мұз тесер.
3. Жылт – жылт еткен
Жырадан өткен.
Абай Құнанбаев 1845 жылы жылан жылында Шыңғыс тауында (бұрынғы Семей облысында ) дүниеге келген. Әкесі Құнанбай тілге шешен, ақылға бай, ел басқарған адам. Әжесі Зере мен анасы Ұлжаннан көптеген әңгімелер естіп өсті, бала кезінен сүйді. Абай небәрі үш жыл мұсылманша, үш ай орысша оқыды. Бұл жылдары араб, парсы, шағатай тілдерін жақсы меңгерді.. Балалар, ұлы адамдардың көбі ата - әжелерінің тәрбиесінде болған. Мысалы: Абай әжесі Зеренің тәрбиесінде болған. Әжесі оған «абай бол, балам»деп кішкентай кезінде көп айтқан екен, содан Абай аталып кеткен. Оның шын аты Ибрагим.

Абай “Қыс"
Өлеңнің шығу тарихынан
- Қыс өлеңін Абай атамыз 1884 жылы Семей өңірінде қыс қатты болып ел жұтаған, мал қырылған екен. Қыста жауған қар сәуір айында бір - ақ еріген. Бұл өлең сол кезеңде жазылған. Сондықтан ақын қысты «Ақ киімді, денелі, ақ сақалды” зор тұлғалы адам ретінде сипаттаған.
Сөздік жұмыс:
(Дәптерге жазып алу).
1. соқыр, мылқау - ештеңені көрмейді, естімейді.
2. домбығып - суықтан ісіп, қызару.
3. долданғанда - ашуланғанда
4. үсік шалу - үсу, тону
5. Шидем - қой жүнінен тоқылған сырт киім

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама