Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 күн бұрын)
Өрлей бер өркениетке, өсер елім!
Тәрбие сағатының тақырыбы: Өрлей бер өркениетке, өсер елім!
Мақсаты: Оқушыларға Тәуелсіз Қазақстан Республикасының өткені мен болашағы, даму тарихы туралы мағлұматтар бере отырып, келешекке сеніммен қарауға, елжандылыққа, ұлтын сүюге, қастерлеуге үйрету, адамгершілікке, мейірімділікке, үлкенді сыйлауға тәрбиелеу, оқушылардың дүниетанымын кеңейту, қалыптастыру.
Көрнекілігі: еліміздің Рәміздері, плакат.

Барысы.
Мұғалім: Армысыздар, қымбатты ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі «Өрлей бер, өркениетке, өсер елім» атты ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!
Біз ежелден ер деген даңқы шыққан халықтың ұрпағымыз, ел бірлігі жолында әрқашан намысын бермеген халықтың ұланымыз.
Біз алтын күн бедерленген көк байрағын әлем биіктерінде желбіреткен бейбітшіл елдің азаматтарымыз, кең байтақ жерінде бірлігі жарасқан алуан ұлт - ұлыстардан тұратын біртұтас халықпыз!

Біз Қазақстандықтармыз және мұны зор мақтанышпен айтамыз. Қазақстан мемлекетін құру, қазақстандық болу - бізге тағдыр сыйлаған ұлы бақыт. Біз оны әрдайым зор мақтаныш сезіммен ұрпақтан ұрпаққа табыстайтын боламыз! Бүгін біздің сыныбымызда ұйымдастырылған тәрбие жұмысы осындай мақсаттарды көздеген болатын. Ендеше сөз кезегін оқушыларға берейік!

1 - жүргізуші:
Қазақстан егеменді ел, тәуелсіз ел,
Болашаққа нық басып, буынған бел.
Көкке өрлеген байрақты желбіретіп,
Қуаныш пен шаттыққа қадам басты ел!

«Менің Республикам» өлеңі Серік Қайсар «Көңіл толқыны» әуенімен оқылады.
Рухынан жақсылардың нұр саулаған,
Жанымды мейірімі құрсаулаған.
Жайсаң өлке, жайдары Қазақстан,
Шуақ шашқан сәулелі күнсің маған!
Нұрына шомылдырып алтын күннің,
Республикам ертеңге талпындырдың.
Өзінен шабыт алып ақын қиял,
Шалықтап кең далада шалқып жүрмін.
Егемен елім десем, сенім кіріп,
Бойымды билеп кетер сенімділік.
Ешкімге ауыстырмас алтын Отан,
Жырлаймын қасиетіңді төгілдіріп.
Жақсылар жанын қиды қасіретпен,
Алаштың ерлері бар асыл өткен.
Арманым болмас еді - ау туған елім,
Гүл жайнап, қазақ болып тасып өтсем.
Өр Елім, маңдайыңнан жарық көрдім,
Бабалар өнегесін алып келдім.
Ескерткіш Елім үшін орнатпасам,
Мына жалған өмірге неғып келдім?
Жарқырап жанған күндей азаттығы,
Көрінер ұлтымның да ғажаптығы.
Республика күнімен құттықтаймын,
Өйткені ол - Ұлт күні, Қазақ күні!

2 - жүргізуші: Иә, ата - бабам аңсаған азаттық таң,
1 - жүргізуші: Ата - бабамыз армандаған тәуелсіз күн арайлап атып, көк байрағымыз көкте желбіреді.
2 - жүргізуші: Тәуелсіздік үшін білектің күшімен, найзаның ұшымен елін қорғаған бабалар рухынан қуат алған Желтоқсан оқиғасының орны ерекше.

1 - жүргізуші: Тәуелсіздігіміз үшін жанын пида, құрбан еткен азаматтарымыздың ерен еңбегі ешқашан ұмтылмақ емес.
2 - жүргізуші: Тәуелсіздік - бастауы бар бақыттың,
Тәуелсіздік - ұлтың менен ұраның.
1 - жүргізуші: Шартарапта шаттығындай азаттың,
Ғасыр сүйіп тұрғандайын ғажап күн!

2 - жүргізуші: Көк байрағы, елтаңбасы бірлігі,
Шалқи берсін Әнұраны қазақтың!
Гимн орындалады.
1 - жүргізуші: Еліміздің елдігін, бірлігі мен тірлігін ойлаған ата - бабамыз ұлтарақтай жері үшін, туған елі үшін жанын берді.
2 - жүргізуші: Халықтың татулығын, кең байтақ жерінің тәуелсіздігін, елінің мұраты мен келешегін ойлаған ата - бабам толарсақтан саз кешіп, ат үстінде елін қорғады.
Ән: Қали Дарынның орындауында «Менің елім Қазақстан!»

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама