Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 6 сағат бұрын)
Абай Құнанбайұлы «Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы» өлеңі
Тақырыбы: Абай Құнанбайұлы «Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы» өлеңі.
Мақсат: Тақырыпты түсініп оқи білуге баулу. Идеясын ашу. Өлең құрылысына талдау. Тілін, сөздік қорларын дамыту арқылы сабаққа деген қызығушылығын арттыру
Күтілетін нәтиже: Тақырыптың тәрбиелік мәнін ашады, өлеңнің қандай болу керек екенін түсінеді. Өлеңді талдайды
7 модульдің қолданылуы: АКТ”, “Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету”, “Оқытуды басқару және көшбасшылық”.
Қолданылатын әдіс - тәсілдер: Миға шабуыл, топтастыру стратегиясы
Қолданылатын ресурстар: маркерлер, портреттер, тақта, стикерлер, ноутбук

Ұйымдастыру кезеңі
Тренинг
Оқушыларды сапқа тұрғызып, стикерлер тарату арқылы топқа бөлу
Алтын ережені еске түсіру туралы айту.
Әр топқа бағалау парағын таратып беру.

Үй тапсырмасын тексеру:
Зымыран сұрақтар арқылы
1. Майлықожа Сұлтанқожаұлы кім? Қайда дүниеге келген?
2. Қандай шығармалары бар?
3.«Ілімге толса көкірек»толғауында ақын нені жырлайды?
4. М. Сұлтанқожа шығармаларының жарық көруі.
5. Ақынға көрсетілген құрмет
6. Ақынның әкесі жайында не білдік?
7. Ақынның балалық шағы.
8. Отбасы, отау құруы
9. Кімдермен айтысқан
10. Толғау жанрының ерекшелігі неде?

Білім
Қызығушылықтарын ояту
Бүгінгі сабақта Блум таксаномиясы жүйеленеді.
Автордың өмірі мен шығармашылығымен танысамыз. Өлеңнің мазмұнымен танысып, идеясын ашамыз. Өлеңде айтылған ойды ұғынып, құрылысына талдаймыз.
Миға шабуыл.
«Топтастыру стратегиясы»

Түсіну
Абай өмірінен қысқаша мәлімет алады,
«Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы» өлеңін мәнерлеп оқиды мазмұнын түсінеді
Қолдану
Өлеңнің идеясын ашуда жұппен, топпен жұмыс істетеді.
Сөздікпен жұмыс
Даңдақ – мәнсіз, бос сөз.
Бишара – бейшара
Надан – пайымсыз, қараңғы, білімсіз.
Кісімсін – өзін - өзі жоғары, асқақ ұстап дандайсыну, менсінбеу.
Ынсап – қанағат, тойымдылық, ұят, ар - намыс.

Толық нұсқасын жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама