- 15 ақп. 2021 00:00
- 301
Абай Құнанбайұлының қазақ тарихындағы орны
Ұлы Даланың ұлы есімдері
Балтабай Жан Жалғаспайұлы
Х.Доспанова атындағы жалпы білім беретін орта мектеп 5 «а» сынып оқушысы
Жетекшісі, тарих пәнінің мұғалімі, педагог-модератор Баймағамбетов Ерлан Русланұлы
Абай Құнанбайұлы – ұлы ақын,ойшыл, біздің еліміздің тарихында үлкен із қалдырған адам. Шын есімі Ибраһим. Ол 1845 жылы Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданында дүниеге келген. Оны сөз өнеріне ерте баулыған адам – әжесі Зере. Абай әжесін қатты жақсы көретін, себебі әжесі ертегімен әңгімені қызықты етіп айтатын болған. Абай 175- ке жуық өленнің авторы. Сонымен қатар орыстың ұлы ақындарының шығармаларын қазақ тіліне аударған. Ол ауылда молдадан хат танып, он жасында Семейдегі Ахмет Риза медресесіне оқуға түседі. Әкесі Құнанбай өз заманында ел басқарған адам болды. Ол ел билеу ісіне балаларының ішінде Абайды баулып, араластырды. Сондықтан, Абайды оқудан ерте шығарып алды. Әке – шешесінің қасында жүрсе де Абай оқудан қол үзбеді, қолы босаған уақытта қазақтың мәдениеті мен өзге елдердің тілдерін үйренген. Соның арқасында дүние танымын кеңітіп, білімін шыңдай береді. Ол ауқатты отбасынан шықсада халқына үнемі жақын болды. Ақынның шығармашылықпен еркін араласуы 1860 жылдар болды. Айта кеткендей, Абай туған халқын жақсы көрді, туған халқы да Абайды қатты құрметтеп, өмірлік мағынасы зор өлеңдерін жатқа айтып естерінде сақтап жүретін болған. Абайдың өлеңдері халықты өнерге, білімге, ғылымға шақырады, әрі жанға жайлы, жүрекке жылы тиетін махаббат өлеңдері болып келеді. Сондықтан Абай өлеңдері 21 ғасырдағы “Қазақ қоғамының айнасы” деп те аталады.
Абай үш әйел алған. Бәйбішесі Ділдәдан – Ақылбай, Әкімбай, Мағауия, Райхан, Әбді-Рахман, Күлбадан; Екінші әйелінен Тұрағыл, Ізкаиіл,Мекайыл, барлығы 7 ұл, 3 қыз сүйген. Абайдың үміт күткен балалары: Әбдірахман, Мағауия, Тұрағыл, Мекайыл, Әкелерінің өлеңдерін жатқа айтып, халық арасына таратқан, әнші, домбырашы болған.
Оның “Сап,сап көңілім”, “Жақсылыққа”, “Кең жайлау” атты өлеңдері 1870-80 жылдары аралығында жазылған. Оның шығармалары үш жүйемен тарайды: 1) өз жанынан шығарған төл өлеңдері; 2) Абайдың қара сөздері; 3) өз тілдерден аударған өлеңдері.
Абай 1904 жылы туған жерінде қайтыс болды. Сүйегі Жидебай деген жерге қойылды. Абай есімін еске қалдыру мақсатында көп деген шаралар жүзеге асты. Ең алдымен Жидебайда Абайға арналған мұражай салынды.