- 24 қыр. 2021 00:00
- 177
Әбікен Бектұров
Әбікен Бектұров(1901-1985) — көрнекті ғалым, республикада химия ғылымының дамуына баға жетпес үлес қосқан техника ғылымдарының докторы, академик, Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері. Ол Павлодар облысында дүниеге келген. Әбікен Бектұров жиырма бес жыл бойы студенттерге білім беріп, ұстаздық еткен.
Ұлы Отан соғысы жылдары қышқылдарды қорғаныс өнеркәсібінде пайдалануға байланысты тыңайтқыштарды қышқылсыз алу әдістерімен айналысты. Академик-ғалымның бірқатар технологиялық процестерді ойлап табуы — қоршаған ортаны, табиғатты сақтауда аса маңызды жаңалық. Еліміздің химия саласын өркендеткен ғалымның 400-ге жуық құнды еңбегі жарық көрді.