Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 5 сағат бұрын)
Ағаш және оның бөліктері
Білім беру саласы: Таным
Оқу қызметі: Жаратылыстану
Тақырыбы: Ағаш және оның бөліктері
Мақсаты:
Б. м: Ағаш туралы түсінік беру. Балалардың білім деңгейін қалыптастыру.
Д. м: Балалар әрбір жеміс ағашына сипаттама бере отыра, ой қиялы, тілдік қасиеті, ой түйсігі, зейіні, бейнелеу қасиеті дамытады.
Т. м: Балалардың табиғатқа деген қамқорлық сезімін одан әрі ояту Табиғатты сүйе білуге, оның бұтақтарын сындырмауға, өзінің екінші үйіндей сезінуге үйретуді жалғастыру.
Көрнекіліктер: жеміс ағашы суреттері, бейнетаспа
Билингвалды компонент: ағаш – дерево, жапырақ - лист
Күтілетін нәтиже:
Біледі: Ағаш бұтағын, діңгегін берер жемісін.
Игерді: Ағаштың пайдасын жемісін
Меңгереді: Табиғатты қорғауды, сындырмай күтіп баптауды.

Мотивациялық - қозғаушылық
Жылулық шеңбері:
Бақшамызға барғанда,
Жолыққан бар жандарға.
Ертемен ақ пейілмен:
«Қайырлы таң!» деймін мен.
Күндіз де елді елеймін,
«Қайырлы күн!» - тілеймін.
Үйге кешке келемін,
Не дерімді білемін:
«Кеш жарық!» деп кіремін.

Ұйымдастыру - шылық -
ізденістік - Балалар, ертегі тыңдағыларың келеме?
Ертегі айтып берейін.
Ертегі бойынша көрініс:
- Бір күні гүлдеп тұрған бау - бақшаның қасынан ұшып бара жатқан жел бір жағымды жұпар иісті сезеді. Бақшадан аңқып тұрған бұл қандай жұпар иіс? – деген оймен гүлдеп тұрған ағаштың біріне жақындайды, ағаштың бұтақтарында жайқалып тұрған нәзік гүлдерге таңырқай қарайды, «Неткен ғажап, әдемі еді!» - деп таңданады. Біраз уақыт өткен соң ол тағы сол бақтың қасынан ұшып бара жатып, гүлдерді тамашаламақ болып тоқтатады. Бірақ жұпар иісті нәзік гүлдердің орнына хош иісті алмалардың өсіп тұрғанын көреді. Ол таға да таңырқап «Айнала қалай өзгерген, мынау бір ғажап екен!» - дейді.
Балаларға қандай жеміс ағаштарын және жемісті ұнататындарын сұрап, жұмбақ жасырылады.

1. Көктемде ақ гүл оранады,
Күзде қолға доп оралады.

2. Ортасында қызығы,
Бұтағының асығы

Балалар ағаштың бізге берер пайдасы өте көп. Балалар мынау – ағаш, ал мынау ағаштың діңгегі, ал мынау бұттағы, ал мынау несі балалар?

Сергіту сәті:
Бойды сергек тік ұста,
Емін - еркін тыныста.
Оң қолыңды соз алға,
Қол ұшына қара да,
Үшбұрыш сыз ауада,
Сол қол босқа тұрмасын,
Шеңбер жасап тынбасын.
Ағаш және оның бөліктері. жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама