Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Ағылшын тілі пәнін оқытуда жаңа инновациялық технологиялардың қолданылуы
И. Әбдікәрімов атындағы
Қызылорда аграрлық техникалық колледжінің
ағылшын пәні оқытушысы Жұлдызбай Г.Д.

«Ағылшын тілі пәнін оқытуда жаңа инновациялық технологиялардың қолданылуы»

Кіріспе
Қазақстан Бүкіл әлемде халқы үш тілді пайдаланатын жоғары білімді ел ретінде танылуға тиіс, бұлар Қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі – ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі – жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі.
Н. Ә. Назарбаев

Қазіргі кезде егемен елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Осы орайда, ақпараттық – коммуникативтік технологияны қолдану заман талабына сай мұғалімдерге педагогикалық тәжірибе жинақтауға, жаңашыл инновациялық әдістемелік жоспарлар жасауда, оқытуда тәрбиелік – білімділік процесінде жаңашыл идеяларды іске асыруға бірден – бір мүмкіндік беретін құрал деп білеміз.
Компьютерлік оқыту технологиясы педагогтың мүмкіндігін күшейтетін құрал, бірақ ол мұғалімді алмастыра алмайды. Дегенмен, интерактивті әдіс студенттердің дербес дамуымен шығармашылық ізденістерін қолдап дамытуға бағыттайды. Оқытушымен студенттер арасындағы өзара шығармашылық қарым – қатынас орнайды. Әрбір студенттің қабілетіне қарай білім беруде, оны дербестікке, ізденімпаздыққа, шығармашылыққа тәрбиелеуде жүзеге асыратын жаңартылған педагогикалық технологияларды меңгерту оқытушылардың басты талабы. Осы орайда, болашақ кәсіби маманның ағылшын тілін меңгеріп шыңдалуына ықпал етіп, жаһандық экономикаға ойдағыдай кіруге бәсекеге қабілетті қоғамдық сұранысқа сай мамандар даярлап шығару біздің мақсатымыз.

Негізгі бөлім
Қазақстан – бүгінгі таңда өз алдына дербес мемлекет. Егемен ел ретінде шет елдермен қарым - қатынасы нығайып, беделі артып келеді. Бұл шетел тілін оқытуды, жақсартуды талап етеді. Ал оқытуды жақсарту дегеніміз, меніңше, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын ояту.
Шетел тілін меңгертуде қиыншылықтар кездесетіні рас. Соның бірі – мәтін мазмұнын баяндап беру. Оқушының тілді толық дәрежеде меңгеруі үшін, оның сол тілге деген қызығушылығын арттыруы қажет.

Шетел тілін оқыту мақсаттары қоғамның мұқтаждығына байланысты өзгеріп отырады. Қазіргі кезде кәсіптік білім беру мекемелерінде шетел тілін оқыту мынадай төрт мақсат көздейді: коммуникативтік мақсат, білімдік, тәрбиелік және жетілдіру мақсаты. Осы аталған мақсаттардың ішінде коммуникативтік мақсат жетекші рөл атқарады, қалған мақсаттар сол коммуникативтік мақсатты орындау арқылы жүзеге асырылады.

Кәсіптік білім беру мекемелерінде шетел тілін оқытудың басты мақсаты коммуникативтік мақсат болуға тиіс, яғни кәсіптік колледж бітіруші бағдарламада белгіленген көлемде оқыған шетел тілін қатынас құралы ретінде меңгеруге тиіс. Демек, сөз әрекетінің негізгі түрлерін: монолог және диалог түрінде сөйлеу ауызша айтылған сөзі тыңдап, түсіну, жазбаша мәтіндерді оқып, ондағы ақпаратты қабылдай білу іскерліктерін меңгеруге тиіс. Ол үшін, компьютерлік бағдарламалар, ойын элементтері басқада оқытудың сабақта әртүрлі факторларын қолдана отырып, студенттердің толық меңгеруіне ықпал етіп, қолдан келетін мүмкіндіктерді аянбай қалған жөн.
Оқыту процесінде жаңа инновациялық технологияларды қолдану барысында оқушылардың пәнге деген қызығушылығының артқанын байқадым. Сол себепті төмендегідей өз тәжірибемді схема түрінде талдап көрсеткенді құп көрдім.

Педагог ретінде өзіме жаңа инновациялық технологияны қолдану оны әрбір сабақтарымда пайдалану, құзыретті педагог болуымда, сабақ берудегі амал - тәсілдерімді, дидактикалық жинақтарымның түбегейлі жаңаша іс – әрекеттерді жасауыма керекті технология екенін айтқым келеді. Жаңа инновациялық технологияны оқушы мен педагокке бірдей жағдай тудыра отырып:
- Пәнге қызығушылыққа
- Мамандықты жетік үйренуге
- Педагог даярлығын қалыптастыруға, әрі жетілдіруге және түрлендіруге
- Іскерлік пен дағдыларды қалыптастыруға бірден бір қажетті технология екені баршаға мәлім десе болады. Жоғарыдағы қажеттіліктерден арнаулы пәндерді оқытуда мынадай себеп – салдар туындайды;
- Меңгерген технология өз сабақтарымда қолдануға даяр болуды
- Жаңашыл, ізденімпаз педагог болуды
- Біліктілігімді, білімімді әрқашан арттырып отыруды
- Шығармашыл болуды
- Жаңаша өзгерістер енгізуді
- Жетістіктермен кемшіліктерге педагогикалық сараптама жасай білуге
- Құзіреттілікті жоғары деңгейге шыңдауға жетелейді десем қателеспеген болар едім.
- Ақпараттық – коммуникациялық технология электрондық есептеуіш техникасымен жұмыс істеуге, оқу барысында компьютерді пайдалануға, модельдеуге, электрондық оқулықтарды, интерактивті құралдарды қолдануға, интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламаларына негізделеді.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама