Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Ағылшын тілі сабағында оқушыларды ағылшын халық ертегілері арқылы тәрбиелеу
ЖОБАЛЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: Ағылшын тілі сабағында оқушыларды ағылшын халық ертегілері арқылы тәрбиелеу.
1. Ағылшын халық ертегісіне жалпы талдау жасау
Ресей, Германия және Франция елдеріне қарағанда Англияда ертегілерді жинақтау және жазып алу жұмыстары әлдеқайда кеш басталған. Ағылшын халық ертегілерінің алғашқы топтамаларын жинақтау XIX ғасырдың соңында басталған. 1854 - 1916 жылдар арасында ең алғашқы ағылшын халық ертегілерінің жинақталған екі томы Джозеф Джекобсқа тиесілі болған [2, C. 134]. Ағылшын фольклор үйірмесінің президенті Джозеф Джекобсқа ағылшын халық ертегілерін жинақтау өте қиынға түсті, өйткені ертегілердің көбісі ұмытылып кеткен еді. Германиялық ағалы - інілі Гриммдер, Франциялық Шарль Перро немесе Ресейлік А. Н. Афанасьевтер сияқты Джозеф Джекобс ертегілерді әдеби өңдеуден өткізбеді. Ол өзінің алдына ертегілерді өз тыңдаушыларына халық қалай жаратқан болса, солай жеткізуді мақсат етіп қойды. Көптеген прозаиктерді, ақындарды және драматургтерді қанағаттандырған нәрсе ағылшын халық ертегісінің отандық фольклорға өте бай күйінде Англияға танымалдығы болды. ХIX - XX ғасырларда бұл жанр үшін өз ақындық шабыттарын тапсырған албандықтар қатарына: Чарлз Диккенс, Уильям Мейкпис Теккерей, Льюис Кэрролл, Эдвард Лир, Оскар Уайлд, Редьярд Киплинг, Беатрис Поттер и Памела Трэверс, Джеймс Барри, Алан Милн, Джон Толкин, Дональд Биссеттер болатын. Айнаның арғы бетінде болып келген Алисаның, Мэри Поппинстің, бақытты Ханзада мен Питер Пэннің, қонжық Винни - Пух және ізгі ниетті ергежейлілер образдарының дүниеге келуіне халықтан шыққан әдемі қиялдар негіз болған. Басқа елдер сияқты Англияда да ертегілерге болған қызығушылық сонау романтизм заманынан бастап әр түрлі кейіпте қалыптасып келген.

Жазушылармен бір сапта халық жаратқан образдарға қарсылық жасаған, бірақ өздері қиялмен жаратқан әлемдерін жөн көрген филолог - ғалымдар да еңбек еткен. Олар алғашқы дүниеге келген кейіпкерлерді мойындамау мақсатында көптеген Британдық фольклордың естеліктерін және алғашқы туындыларын жинақтап, олардың диалектикасы және этнографиялық өзгешеліктерін зерттеп шықты. Сонымен фольклорлық жазбалардың өңдеуге ұшыраған және алғашқы дүниеге келген туындылардың ортасында тағы бір жіңішке стилистикалық өңдеуге ұшыраған формасы пайда болды. Яғни, ертегілер алғашқы кейіпкерлерін сақтап қалған түрде жаңадан жазылды. Бұл арадағы ең үлкен еңбек баспадан басып шығарушылармен аудармашылардың еншісіне тиді. Аудармашылардың еңбектері халыққа ұнады. Өйткені ертегілерді оқып - түсіну оңай болу мақсатында аудармада жалпы ағылшын тілін қолданылды.

Британия аралдарында халық ертегілерінің жинақталуы және дамуы ең күрделі тарихи кезеңге тура келді. Ол кезеңдегі халық ертегілерге, мифтерге және ондағы орындалған діни рәсімдерге сенген және дамытып барған. Осыдан христиандардың дүниетанымының басталуы қалыптасқан. Сол кездегі ертегілердегі кейіпкерлер, аңыз адамдар, жауыздар, мейрімді жандар, сиқыршылар, періштелер, су перілері, ойдан шығарылған аңдар халық арасында өмір сүруді жалғастыра берді. Ағылшын халық ертегілеріндегі жауыздарға қарсы күреске қиялдан туған алып батырлары, мейірімді жануарлар, құдайлар немесе жай ғана шаруалар кейпіндегі кейіпкерлер өмір сүрді. Мысалы: ағылшан халық ертегісіндегі адам жегіштерге және қара күштерге қарсы күресуші кейіпкерді жай шаруаның ұлы Джек деп таныстырылған. Джек өте күш - қайратты, еңбексүйгіш, мейірімді, адал және шыншыл болғандықтан, халықтың арасында мұндай адамдарды халық батырлары деп атаған. "Adventures of Jack the Giant - Killer" ертегісіндегі Джек өз Отанының азаттығы үшін күрескен революционеріне айналады [1, C. 174]. Ағылшын халық ертегілеріндегі кейіпкерлер барлық кезде мұндай батырларға айнала бермей, кейде оларды шық бермес Шығайбай капиталистер кейпінде де таныстырылады. Мұндай кейіпкерлерді Англиядағы буржуазиялық капитализмнің дамуының бірінші кезеңіндегі капиталистерге теңейді. Мысалы: "Molly Whuppie" ертегісіндегі адам жегіш жауыз адамдарды алдаған қыз Молли және "Jack and the Beanstalk" ертегісіндегі Джек өздерінің жақын жуықтарына, дос - жарандарына сонымен қатар айналасындағы барлық адамдарға өздерінің ерлігімен бақыт сыйлайды [1, C. 175].

Ағылшын тілі сабағында оқушыларды ағылшын халық ертегілері арқылы тәрбиелеу. жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама