Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Әжібай атының ұранға айналуы хақында

Қазақтар қалмақтарды Аяққалқанға түріп тастап, әскерін алып қайтып Шелекке келіп тоқтапты. Қол бастаған батырлардың қатарында Жалайыр Ескелді, Балпық, Дулат Шеруке, өтеген, Сегізсарыдан Биеке батыр, Қаракерей Қабанбай батыр, Алжан райымбек батырлар болады. Өткелдің аузында әскерін тоқтатып қойып, елдің алдын шегереді. Үлкендері Шеруке сол түні түс көреді. Таңда Шеруке:

— Мен түнде түс көрдім, Райымбектің басында екі шамшырақ жанып тұр екен. Біздің болашағымызды сол болжасын, — дейді.

Райымбек:

— Алланың көзіме көрсеткенін айтайын ба, әлде, алланың аузыма салғанын айтайын ба? — депті.

Шеруке:

— Алланың аузыңа салғанын айт, — дейді. райымбек:

— Ата, бізге енді қалмақ шаппайды. Бірақ, Сіз дүниеден озғаннан кейін, тәніңіз көрден алынады, — дейді.

Қабанбай аға, Сіздің атыңызды «Қабан» қойды елің. Көріңіз үш күннен кейін шулайды, тәніңізді ұрпағыңыз таппайды.

Өтеген, Сіз Ұлы жүздің басы қосылған ұлы тойда менің есімімді ұранға айландырасыз. Сол тойдағы бәйгеге алты ат қосасыз. Алтауына алты бала мінгізесіз. Мінгендерге: «Айт, Бозымның баласына «Әлмерек» деп, Алжан, Сегізсарының баласына «Райымбек» деп, Қызылбөрік, Қоңырбөрік баласына «Әжібай» деп ұрандап шап!» — дейсіз. Содан алтауы Сіздің айтуыңыз бойынша ұрандап шабады. Алтауы да бәйгеден келеді. Сол қуаныштан сіздің жүрегіңіз жарылып, бақи дүниеге аттанып кетесіз.

Райымбек батырдың айтқаны келіп, осы дүбірлі тойда үш жүздің баласы жолды Ұлы жүзге, Ұлы жүз Албанға, Албан балалары Алжанға берген екен. Сол күннен бастап Айт-Бозымның ұраны — «Әлмерек», Алжан, Сегізсарының ұраны — «Райымбек», Қызылбөріктің ұраны — «Әжібай» болыпты.

Оқуға кеңес береміз:

Жидебай батыр (І нұсқа)

Жидебай батыр (ІІ нұсқа)

Жәнібек батырдың Абылайдың оң тізесінен орын алуы


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама