Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 күн бұрын)
Әке - асқар тау
Іс - шараның тақырыбы: Әке - асқар тау
Құзіреттілікке жеткізетін мақсат - міндеттер:
А) ақпараттық: Жанұядағы әке мен бала арасындағы қарым - қатынасты нығайту, ұлттық салт - дәстүрімізге байланысты әке орнының ерекше екендігін ұғындыру, әкеге деген бала махаббатын ояту.
Ә) коммуникативтік: Оқушыларды шығармашылық жұмыстарға баулу, өз өнерлерін көрсете білуін қалыптастыру;
Б) проблеманы шешу: Әкені құрметтеу, сыйлай білуге дағдыландыру.
Іс - шараның әдісі: Түсіндіру, сұрақ - жауап.
Сабақта қолданылатын педагогикалық технологиялар: Дамыта оқыту, СТО.
Іс - шараның көрнекілігі: Тақырып жазылған қағаздар, нақыл сөздер
Пәнаралық байланыс: Қазақ әдебиеті

Ұйымдастыру бөлімі
Құрметті әкелер, сіздерге арналған «Әке – асқар тау» атты ашық тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймыз.
Әр шаңырақта әкенің орны ерекше. Әке – отбасының асыраушысы, отбасы мүшелерінің тірегі, қамқоршысы. Әкенің мінез - құлқы, өзгелермен қарым - қатынасы, өнері мен білімі баланың көз алдындағы үлгі, өнеге алатын оған қарап өсетін нысанасы. «Әке – асқар тау, ана – қайнар бұлақ, бала жағасындағы құрақ» дегендей «Әке» деген сөз қандай жақын, қандай ыстық десеңші! Өмірде әкесін жақсы көрмейтін бала жоқ шығар, өйткені бала үшін әкенің орны бөлек.
«Әке - бәйтерек» дейміз.

Оқушылар мұғалімдермен, ата - аналармен амандасады.
Олай болатын болса, құрметті әкелер, мына бәйтерек ағашынан өздеріңізге ұнаған түсті қарды/ таңдауларыңыз сұралады.
Суретпен жұмыс
ұнаған түстерінің артында «Атамекен», «Арыс жағасында» әндері жасырынған. Сол бойынша 2 топқа бөлінеді

Тәрбие сағатының барысы Әке! Әке – әркімнің сүйенер тіреуі. Әке әркімге қымбат. Әкені ардақтай білу керек. Өйткені ол отбасының ең басты мүшесі, яғни отағасы. «Әкеге қарап ұл өсер» дегендей әкенің балаға үйретері көп.
Олай болса, құрметті біздің әкелер балаларыңыздың өнерлерін тамашалаңыздар

Мұғалім: «Әке көрген оқ жонар» бұл да әкеге байланысты ардақты айтылған сөз. Мен әкенің бойынан күш - жігерді, батырлықты, қайсарлықты, білімділікті, барлық қасиеттерді көруге болады деп ойлаймын. Қарп отырсақ әкенің түр - түрі болады. Бірі ақылды, білімді болса, бірі жігерлі, қайратты, енді бірі батыр да, батыл қайсар болып келеді. Ал енді бірінің бойынан осы айтылғандардың бәрін көруге болады.
Әкелерге сөз беру.
1/ Таныстыру. Кімнің әкесісіз?
1 - топ Атамекен әнін орындайды.
2 - топ Арыс жағасында әнін орындайды.
2/ Сұрақ - жауап. «Балаңыздың туған күні, айы, жылы»
3/ Үй тапсырмасы. Қолөнер, сәндік бұйым. Үйден жасап келген заттарын таныстырып тапсыру.
4/Ойын. «Әскердегі қызықты сәттер...»

5/ Балаңызға қандай мақал - мәтел айтар едіңіз? Гүлге /парақшаға/ жазып береді. Сол гүлді баласына ұсынады. Баласы гүлді алып, бәйтерек ағашына іледі.
Көрермендер қошеметі.
Шаттық шеңбері: «Бір құрмет»
Әке қатал болса да,
Сыйлау оны – бір құрмет.
Әке қандай болса да,
Қорқу одан – бір құрмет.
Әкенің бір сөзіне
Ешқандай тыйым жетпейді.
Әке қатты сөз айтса,
Есіңнен еш кетпейді.
Әкесін сыйлай білгендер
Көгереді, көктейді.

1 - оқушы: Нағыз әке ақылгөй де асқар жан
Барлық ұрпақ әкелерден басталған
Ал, әкелер өздеріңе арналған
Бүгінгі той, қуаныш пен мереке

2 - оқушы: Жүздеріңнен көрем шаттық арайын,
Болсын солай әрбір күнің, әр айың.
Тойларыңыз құтты болсын, әкелер,
Балаларың төге берсін мерейін

3 - оқушы: Сізсіз әке - ең ақылды, ең шыншыл
Сізсіз әке - ең жақыным, ең сыршыл.
Шуақ шашқан қашанда асыл жүрегің
Жанымдасың, қамқорымсың білемін
Қабыл алғын бала жүрек тілегін

4 - оқушы: Қамқорсың әке өмірде,
Қуатым сенсің көңілге
Әлпештеп мені өсірдің
Ұшармын ертең көгіңде.

5 - оқушы: Өмірдің көрген талай жол торабын
Әкеден кім аяйды қолда барын
Әкенің ақ тілегін өтеу парыз
Мен бүгін әкемді айтып толғанамын.

6 - оқушы
Әкеме
Көмегімен біздерді мәпелеген,
Ардақты жан өмірде әке деген.
Бақыттымын өмірде әкем барда,
Сол бастаушым - биікке жетелеген.
Асқар тауым аман жүр, аяулы әкем,
Жақсы өнеге бердіңіз мақтан етем.
Кіп - кішкентай жүрегім сендіреді,
Мен өзіңді, әкетай, бақытты етем!

Ән: «Анашым - әкем»
Би: Өзбек биі «Шайхана»

Қорытынды.
Мұғалім: Құрметті ата - аналар, оқушылар! Біздің классымыздың символы мына бәйтерек ағашы болсын. Ағаш басындағы қарларды әкелеріміз жібітті. Бәйтерегіміз гүлдеп, көктеді. «Әке - асқар тау, ана - бауырындағы бұлақ, бала - жағасындағы құрақ» дегендей барлықтарыңыз аман болыңыздар. Әкелеріміздің жазып берген мақал - мәтелдерін ойымызға түйіп, өнегелі, тәртіпті, әдепті, білімді оқушылар болып өсейік.
Оқушыларды адамгергіліп, сыпайылық қасиетке баули отырып, тәрбие сағатын қорытындылау

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама