Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 6 сағат бұрын)
Әкең тік мүйіз бе еді, жантық мүйіз бе еді

Бір бай боранда жылқы жайып жүріп үсіп өліпті. Бірақ оны ешкім білмесе керек. Байдың балалары:

— Әкемізді өлтірген адамнан құн аламыз, — деп елге жар салады.

Бір күні Қожа өлген байды даладан тауып алып, қапқа салып үйіне әкеледі. Қапты керегеге сүйеп қояды да, әйеліне:

— Мен барып байдың балаларын ертіп келейін, әкесінің сүйегін алып кетсін, — дейді.

Қожа кеткен соң әйелі «мына байғұс бір пәлеге ұшырағалы жүр екен» деп, байдың сүйегін далаға апарып көмеді де, бір ешкісін бауыздап, қапқа салып қояды. Көп кешікпей байдың бір баласын ертіп Қожа келеді.

— Сен сыртта тұра тұр, әкең үйде, мен алып шығайын, — деп Қожа үйіне кіріп кетеді. Іле-шала қайта шығып: — Сенің әкең тік мүйіз бе еді, жантық мүйіз бе еді? — деп сұрайды. Мырза қаптағы ешкіні көріп:

— Мына Қожа жынданған болар, ешкі адамның әкесі болғанды кім көрген, — деп аулына қайтып кетсе керек.

 


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама