Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 сағат бұрын)
Акробатикалық жаттығулар
Сабақтың тақырыбы: Акробатикалық жаттығулар.
Мақсаты: 1) оқушыларға жаңа сабақты толық меңгерту; 2) Қимыл – қозғалыс әрекетін дамыту; 3) Ептілікке, шапшаңдыққа тәрбиелеу.
Міндеттері:
А) Білімділік – Акробатикалық жаттығуларды сәйкестендіру, техникаларын үйрету;
Б) Тәрбиелік – Салауатты өмір салтына тәрбиелеу.
Құрал - жабдықтар: Гимнастикалық төсеніш, отырғыштар, ысқырық, секундомер, музыка.
Өтетін орны: Спорт зал.
Сабақтың жоспары
Кіріспе дайындық бөлімі (15 мин)
Негізгі бөлім (25мин)
Қорытынды бөлім (5 мин)

Сабақтың барысы
1. Кіріспе дайындық бөлімі
1. Сапқа тұру. Сәлемдесу. Сабақтың мақсатын түсіндіру. Саптағы жаттығулар. Оңға! Солға! Айнал!(Нұсқау: Оқушылардың дайындығына спорт киіміне көңіл бөлу және қауіпсіздік ережелерімен таныстыру).
2. 1 Жүріспен орындалатын жаттығулар:
а) қарқынды өзгерте отырып, кең адымдап жүру;
ә) қолмен және кеудемен қарапайым қимыл жасап жүру.;
б) қолмен аяқтың ұшынан ұстап отырып, төмен еңкейіп, аяқты тура ұстап жүру;
в) қолды сермеп, алға қарай және бір жақ бүйірге қарай, кең адымдап жүру.;
г) шеңбер бойымен жарыса жүру: ер балалар 100 м - ге дейін, қыз балалар 80 м – ге дейін.;

(Нұсқау: Басты, денені, қолды түзу ұстап жүрулерін қадағалау).
2. 2 Жүгіруде орындалатын жаттығулар:
а) 1, 5 мин – қа дейін аяқтың ұшымен жүгіру;
ә) еденде жату қалпынан кенет берілген белгі бойынша 20 м қашықтыққа дейін жүгіру;
б) қолды аяқты тіреп секіру арқылы жүгіру: ер балалар үшін снарядтардың биіктігі 120 см, қыз балалар үшін 110 см;
в) ер балалар үшін биіктігі 170 см және қыз балалар үшін биіктігі 140 см гимнастикалық снарядтардан асып өтіп жүгіру;
г) бір қолымен зат көтеріп жүгіру ( нығыздалған доп);
ғ) ер балалар үшін 4 мин - қа дейін, қыз балалар үшін 3 мин – қа дейін жай қарқынмен денені босаң ұстап жүгіру.;
д) арқамен алдына қарап жүгіру;
е) жүріс пен демалысты қалпына келтіру.
(Нұсқау: Денені тік, қолдарын дұрыс қойып ұстауларын, дұрыс демалуын қадағалау).

Ырғақты гимнастика: ( музыка ырғағымен)
1. Бір орында тұрып 40 – 50 сек. Жүру; 20 – 30 сек. Жеңіл жүгіру.
2. Бастапқы қалып - негізгі тұрыс: « 1, 2» дегенде қолды екі жақтан жоғары көтере аяқтың ұшына көтеріліп, терең тыныс алу; «3, 4 « дегенде бастапқы қалыпқа келу ( 6 - 8 рет қайталау)
3. Б. қ. – қол кеуденің алдында: « 1, 2 « дегенде шынтақтан бүгілген қолды артқа қарай екі рет қатты сермеу; « 3, 4» дегенде алдыңғы қозғалысты қолды түзу жазып орындау.
4. Б. қ. – оң қол жоғарыда, сол қол төменде, саусақтар бүгілген: « 1, 2» дегенде қолды артқа қарай екі рет қатты сермеу; «3, 4» дегенде алдыңғы қозғалысты екі қолдың қалпын өзгертіп орындау ( 5 - 6 рет қайталау)
5. Б. қ.- екі аяқтың арасы иық кеңдігіндей, қол белде: оң қолды алға созып, оны артқа қарай қатты сермеу. Осымен бір мезетте кеудені оңға бұрып, қолдың ұшына қарау ( 4 - 6 рет жасау)

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама