- 05 нау. 2024 01:28
- 134
Қазақстан жеріндегі ерте, орта ғасырлық мемлекеттер
Модуль №4
Қазақстан жеріндегі ерте, орта ғасырлық мемлекеттер. Қазақстан жеріндегі VI - X ғасырлардағы этникалық, саяси тарихы
Мақсаты:
1. Қазақстан жеріндегі VI - X ғасырлардағы этникалық, саяси тарихы туралы түсіндіруге жағдай жасау.
2. Қосымша тарихи деректер арқылы оқушылардың таным қабілеттерін дамыту.
3. Ұлтжандылық, Отан тарихына қызығушылық сезімде тәрбиелеу.
Оқушы нені білу керек?
1. Орта ғасырлық мемлекеттер туралы деректерді білу керек
2. Оқушы нені меңгеру керек
3. VI - X ғасырлардағы мемлекеттердің саяси, әлеуметтік дамуы туралы деректерді меңгеруі керек.
Шығармашылық жұмыстар: тақырыптар бойынша суреттер, сөзжұмбақ, тест т. б.
Кіріспе бөлім. 1 - сабақ
Мақсаты: Қазақстан аумағындағы, ерте, орта ғасырлардағы мемлекеттер, қоғамдық құрлысы, саяси жағдайлары туралы білімді қалыптастыруға жағдай жасау.
Тақырыптар:
1. Түрік қағанатының құрылуы, дамуы және ыдырауы.
2. Батыс түрік, Түркеш қағанаты
3. Қарлұқ. Оғыз. Қимақ.
4. Қыпшақ мемлекеті.
Лекция тезистері.
Қазақ халқының қалыптасуын, түркі дәуірінің алғашқы кезеңнен басталады. Антропалогиялық зерттеулерге қарағанда қазақтардың этностық үдерісі қола дәуірінде қалыптасып темір дәуірінде сақ, қаңлы, үйсіндерді одан әрі дамыды. Қазақ жерінің байырғы тұрғындары тіл жағынан түркі тілдес болған. Оған басты дәлел Қазақстан жерінен табылған тас, сүйек сияқты заттарға салынған таңбалар, түркі тілдерінің белгілері деп тұжырымдалады. Қазақ жерінің ертедегі тұрғындарының бірі — Оңтүстік Қазақстандағы қаңлы тайпасы.
Кейін олар Солтүстік - Батыс Қазақстандағы сармат тайпаларымен араласты. Жоғарыда көрсетілген ру - тайпалар — біздің заманымызға дейін қазақ халқының алғашқы этностық негізін құраған этносаяси қауымдастықтар.
Қазақ халқының қалыптасу жолындағы екінші кезеңінде жерімізге түркі тайпалары қоныс аударып, жергілікті тайпаларымен біржолата араласып кетті. Осы араласудың нәтижесінде, жергілікті тайпалар саны жағынан көбейіп, сонымен бірге түркеш, қарлұқ, дулат, нушеби, шігіл, ягма, болат, т. б жаңа тайпалар пайда болды. Ежелгі Қазақстан тұрғындарының этностық құрамы осылай есе түсті. Яғни, Шығыстан келген ғұндар, түркілер жергілікті тайпалармен ешбір ұрыс - керіссіз араласып кеткен.
Мұның басты себебі сақ, үйсін, ғұн, түркілердің ежелгі дәуірлерден - ақ тілі, әдет - ғұрпы, наным - сенімі, әлеуметтік - экономикалық жағдайы ұқсас болатын.
Қазақтардың халық болып қалыптасуындағы үшінші кезеңі — халықтардың саны жағынан көбейе бастаған кезі. Бұл кезеңде - дамыған орта ғасырларда (X — XIII ғғ. арасы) Моңғол хандығының күшеюінің әсерінен жеріміздің шығысына найман, керей, меркіт, жалайыр сияқты тайпалар келіп орналасады.
Бұлардың ішінде наймандар мен жалайырлар Жетісу жеріне дейін ендеп кірген. Жалайырлар Ұлы жүз ішіндегі іргелі ру - тайпаның бірі болса, керей, наймандар Орта жүз ішінде басты этностық тайпаларға айналды.
Қазақ этностық құрамының халық болып қалыптасуындағы соңғы кезеңі (XIII — XIV ғғ.) жерімізде моңғол дәуірі кезіндегі этностық топтардың пайда болуымен сипатталады.
Бұл аса бір ауыр кезең болды. Кейбір этностар қырғынға ұшыраса, кейбірі басқа жаққа көшіп кетті.
Арасында бір - бірімен бірігіп кеткен этностар да болды. Осындай жағдайда ірі түркі халықтарының қалыптасуы жүріп жатты. Моңғолдар келгенге дейін Шығыс Дешті Қыпшақта қыпшақ тайпаларының негізінде, ал Жетісуда үйсін - қарлұқ тайпаларының негізінде халық болып бірігу үдерісі жүріп жатқан ел еді. Шығыс Қазақстан мен Алтай жерінде де біртұтас түркі қауымдастығын қалыптастырудың алғы шарттары пісіп - жетілді.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.