- 17 қар. 2023 00:00
- 262
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті «Дінтану» мамандарын даярлауда
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
Дінтану мамандығының 4 курс студенті Аманжолова А.Н.
Ғылыми жетекшісі PhD, аға оқытушы Әлтаева Н.С.
Дін тақырыбы қай ғасырда болмасын, өзінің өзектілігін жоғалтпаған. Әсерісе, қазіргі таңда әлемде діни алауыздық, діни экстремизм, терроризм,діни фанатизм сияқты көптеген жағдайлар орын алып жатыр. Осындай жағдайларда, дінді зерттейтін, саралайтын білгір мамандар тапшы. Зайырлы,көпұлтты, құқықтық, мемлекетімізге ұлт тыныштығы мен қоғам татулығын қадағалайтын білікті де білімді дінтанушы мамандар керек.
Еліміздің ең үздік оқу орынының бірі әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Философия және саясаттану» факультетінің «Дінтану және мәдениеттану» кафедрасы дінтанушыларға заман талабына сай білім беруде. Аталмыш университет «Дінтану» мамандығы бойынша 1999 жылдан бастап білікті мамандарды даярлауға кірісті. Бұл университетте түлектер «бакалавриат», «магистратура», «докторантура» деңгейлерінде білім алуға мүмкіндіктері бар.
Дінтану мамандығы еліміздегі ең жас мамандықтарының бірі. Бұл мамандық бойынша білім беру бағдарламасы жоғары білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес құрылымдалған.
Дінтану барлық діндерді – әлемдік діндерді, этникалық діндерді, қазіргі діни ағымдарды – адамзат мәдениетінің бір бөлігі ретінде қарастыра отырып, бірдей зерттейді. Дінтану ғылымының зерттеу пәніне діннің пайда болуы, дамуы және қызмет ету заңдылықтары, сонымен қатар оның құрылымы мен әртүрлі құрамдас бөліктері, сан алуан құбылыстары жатады. Дінтануды теологиядан және дін философиясынан ажырату білу керек.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеттінде барлық ұстаздар иманды, діни жоралғылар мен дәстүрлерді құрметтейді.Университетте оқытылатын дінтану пәндерінің тақырыптары мен мазмұны қайырымдылық, мейірімділік, отансүйгіштік, өзге дін өкілдерін құрметтеу қағидаттарына құрылған. Бұл жерден білім алудың мүмкіндіктері өте көп. Кафедра ұстаздарының білімі өте жоғары, сабақ беру тәсілдері де студенттерге ыңғайлы әрі түсінікті.
Студенттер интернетке, дінтану мен теологияға қатысты соңғы отандық және шетелдік әдебиеттерге қол жеткізуге, шетелде және рухани орталықтарда, әкімдіктер жанындағы ішкі саясат бөлімдерінде, жоғары оқу орындарында, колледждерде тағылымдамадан өту мүмкіндігіне ие. Қорытынды диссертациясын сәтті қорғаған студенттер магистратурада, университет программалары арқылы шет елдерде оқуын жалғастырып, білімдерін шыңдай алады.
Менің пікірімше, ҚазҰУ студенттерінің жақсы білім алуы мен демалуына барлық жағдай жасалған. Студенттерге әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың қалалық студенттік емханасы мен медициналық пункті тегін қызмет көрсетеді.
Қорытындылай келе, қазіргі таңда дінтану мемлекет тарапынан ерекше көңіл бөлініп, қажет деп тапқан мамандықтардың біріне айналды. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті «Дінтану»мамандығын зайырлы түрде, студенттерге түсініктібілім беруде. Мен дәл осы оқу орынының 4 курс студентімін. «Дінтану» мамандығының қоғамдағы орны зор екенін білдім. Осындай білім ошағында оқып жүргеніме өте қатты қуанамын. Себебі өз мамандығымның елімізге әкелетін пайдасын жақсы түсіндім. Деструктивті жат ағымдардан халқымызды құтқарып, діни сауаттымызды ашуға көмек беру қажет. Қазақстанның діни ахуалын жақсартуға менде өз үлесімді қосамын деген үміттемін.