Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Ал, қанекей қыздар (байқау)
Сабақ тақырыбы: «Ал қанекей қыздар» байқауы
Мақсаты: І Оқушылардың технология пәнінен алған білімдерін ынта, ықыласын, икемділігін, талантын бағдарлап оны дамыту
ІІ Қазақ халқының ұлттық өнерін дәріптеп, салт - дәстүрін келешек ұрпаққа үйрету., тазалыққа тәрбиелеу
ІІІ Оқушыларды инабаттылыққа, шыдамдылыққа, төзімділікке баулу

Жүргізуші: «Ұл атадан үйренбей сапар шекпес,
Қыз анадан үйренбей өнеге алмас» - деп Қорқыт атамыз айтқандай бүгін сіздер өздеріңіздің технология пәнінен алған сабақтарымызды пысықтау ретінде және салт – дәстүрімізді келешек ұрпаққа сол қалпында жеткізе біліп өз - өнерлеріңізді көрсету үшін, «Ал қанекей қыздар» сайысына түскелі отырсыздар. Сайысымыздың ретін айтып өтейін.
Сайыс 5 - кезеңнен тұрады.
І Таныстыру
ІІ Сергіту (Қамыр жаю)
ІІІ Шаштараз конкурсы
IV Үй тапсырмасы
V Бәйге (сұрақ - жауап)
Жарысымызды бастамас бұрын әділ – қазылар алқасымен таныстырып өту -------------
Жүргізуші:
І кезең: Таныстыру, мұнда шығып өздеріңізді таныстырып өтіңіздер.
І топ: «Сымбатты ханшайымдар»
ІІ топ: « Қазақ сұлулары»

ІІ кезең: « Қамыр жаю» сайысында – біздің қыздарымыз болашақ аналар болғандықтан, қамырды кестеге әдемілеп, жұқалап жаюлары керек.
2 - топтан 1 - 1 қыз шығады.
Қамыр жаймас бұрын, Асханадағы санитарлық гигиеналық талаптарды және техника қауіпсіздік ережелерін еске түсіреміз. Қыздарымыз сайысқа түсіп жатқанда ІІ «Қазақ сұлулары» қыздары өз өнерлерін көрсетеді. (Би)
Жүргізуші:

ІІІ кезең: Шаштараз сайысы: 2 топтан 1 - 1 қыздан шығады. (ТҚ ережелері айтылады) Қыздарымыз шашты сәндеп жатқанда «Сымбатты ханшайымдар» тобының қыздары өз өнерлерін көрсетеді (Би)
Ал, қыздар өздеріңіздің жасаған шаш сәнін қалай қай уақытта жасалынатынын атап өтіңіздер.

IV Үй тапсырмасы: «Сымбатты ханшайым» тобы қазақтың салт – дәстүрі бойынша «Беташар» көрінісін көрсетеді
Беташарда берілетін бата
Бақытты бол, бағың ашылсын
Әр күнің шатты болсын
Татқаның тәтті болсын
Босағаңа жамандық жетпесін
Төріңнен жақсылық кетпесін
Жолдарың ақ болсын
Молшылық тап болсын
Жаратқан ием жақ болсын
Бастарыңа бақ қонсын

Келін келді, есік аш
Жамандарың кейін қаш
Жақсыларың ақыл қос

Енесі тұрып шашу шаш
Келін келді көріңіз
Көрімдігін беріңіз
Келін – келін, келіп тұр
Келіп үйге еніп тұр
Қайын жұрты халқына
Иіліп сәлем беріп тұр
«Қазақ арулары тобы» «Бесікке салу» көрініс.

V кезең. Бәйге: Әр топқа 10 сұрақтан беріледі.
І топ
1. Қазақ қыздарының бас киімдері
2. Егде жастағы әйелдің бас киімі
3. Ұлттық өрнек
4. Қазақтың ұлттық сусыны
5. Қалыңдыққа арналған бас киім
6. Қазақ қыздары тақияның төбесіне не таққан
7. Қой терісінен тігілген сырт киім
8. Қыздардың әшекейлері
9. Талқан жасайтын тас
10. Ер адамның ұлттық киімі

ІІ топ
1. Қазақтың жеңі жоқ ұлттық киімі
2. Ер адамның бас киімі
3. Тарыны қандай ыдысқа уатамыз
4. Бөрік тігуге арналған аң терісі
5. Әйелдердің басқа тартатын бас киімі
6. Көне сырт киім
7. Қасқыр терісінен жасалатын киім түрі
8. Ер адамның жеңіл киімі
9. Мәсінің сыртынан не киген?
10. Камзол түрлері
Ал, жарайсыңдар қыздар, енді байқау қорытындысын айтуға әділ – қазылар алқасына сөз кезегін берейік.

Байқауды қорытындылау:
Еңбек етсең енелерсің
Еңбегіңе кенелерсің – дей отыра осы сайысымыздан үлкен өмірге сіздерді көп сабақ алады деп ойлаймын.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама