Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Алаңғасар

Ертеде бір алаңғасар болыпты. Бір күні қар жауып тұрғанда ауылдың бозбалалары қалжыңдап:

— Бүгін ізбасты ғой. Мына ауылдан бір қой алып кел! — дейді алаңғасырға.

— Өзім де күн ашылсын деп тұрмын, — дейді ол.

Күн ашылған соң алаңғасар көрші ауылға барып, бір қойды жетелей жөнеледі. Қой тартынып жүрмейді. Алаңғасар ыза болады. Қойды қардың үстіне бауыздап, ауылға сүйреп әкеледі.

Ауылдағылар:

— Мұның ізін қайтеміз, — деп сасады. Алаңғасар:

— Ізі несі? Аяғы жерге тиген жоқ қой, — дейді.

 


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама