- 12 қар. 2019 00:00
- 238
Не кеңірдек кетті...
Бір тентек адам әруақыт аста, тойда ұрыс-керіс, төбелес шығарып, ойын-сауықтың берекесін кетіреді екен.
Бір тойдың иесі тойын бастардан бұрын әлгі тентекті шақырып алып:
— Азаматым, осы тойда тек жүр: ұрыс-керіс шығарма. Тыныш жүрсең, той тарқаған соң ат мінгізем, шапан кигізем, — депті.
Тентек оған көніпті, тойда ұрыс-керіс шығармай, тыныш жүріпті. Той тарқаған соң келіп, той иесінен уәде еткен ат, шапанын сұрапты.
Той иесі:
— Ол атың астыңда, шапаның үстіңде. Егер мен тек жүр демесем, сен бұрынғы әдетіңше, ұрсысып, төбелесіп, шапаныңды жыртып, шапансыз қалар едің, атыңды айыпқа берген болар едің, мен айтқан соң тек жүрдің: шапаның бүтін, атың астыңда. Сол менің саған берген ат-шапаным емес пе? — депті.