Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Алаша, Алаш, Қазақ және Жүз

Қазақтардың пайда болуы Сыр бойына ноғайлардың қоныстана бастаған кезінен басталады. Ноғайлар мен орыстар бұрын бір-бірімен жауығып жүреді екен. Бірде орыс жағының елшілері ноғайларға бейбіт мақсатпен келіпті. Елшіліктің құрамында орыс кінәздері жіберген 30 жауынгер мен олардың әйелдері де болса керек. Мұның мәнісі, орыс кінәздері өтініш етіпті «Егер татар (ноғай) ханы да өз жағынан 30 жауынгерді әйелдерімен шығарып, екі жақтың өзара араласқан жауынгерлерін шекараға қоныстандырса, олардан жартылай орыс, жартылай татар тайпасы құралар еді, сөйтіп, екі елдің арасындағы жауығушылық тыйылар еді» деп.

Бұл ұсыныс татар ханына өте ұнайды да, келісімін береді. Тек 30 жауынгердің орнына 30 құлды отбасыларымен бірге жібереді. Құлдардың ішінде ақыл-қайратымен көзге түскен Алаша және Алаш есімді ағайынды екі жігіт болыпты. Содан, татар құлдары мен орыс жауынгерлері межелі жерге келе жатып, жолда бір қоналқыға тоқтағанда Алаша мен Алаш: «Түнде орыстар ұйықтап жатқанда қырып тастайық», — деп жолдастарын үгіттейді. Жолдастары келісім береді де, түнде ұйқыдағы орыстарды құлдар оп-оңай қырып салады. Сөйтіп, олар өз алдарына бөлек тайпаға айналады.

Алашаны — хан, Алашты би етіп сайлайды. Бұл екеуінен басқа, қара қылды қақ жарған бір әділ қазы болады екен. Оны әділдігіне бола тайпаластары: «біздің қазымыз қазы-ақ қой» деп мадақтайтын болса керек. Содан, жүре келе тайпаластары оны «Қазақ» деп атайтын болыпты.

 


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама