Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Жүз, Алаш туралы аңыз (І нұсқа)

Ақарыс (Үйсін), Жанарыс (Сары Келімбет), Бекарыс (Қара Келімбет) осы үшеуінің уақытында Аланша деген хан болып, халқын үшке бөліп, үшеуіне үш жүз кісіні үш бөліп үш жүзге бастық қылып, Үйсінді «Ұлы жүз» деп, Сары Келімбетті «Орта жүз» деп, Қара Келімбетті «Кіші жүз» деп ат қойып, «Үш жүз» аталыпты дейді.

Осы үшеуі бірігіп қалмақты шаба берген соң қалмақтар «Алаш» депті. Бұл Аланша ханның әуелгі аты Ахмет екен. Алаш дегеннің мағынасы «жан алғыш» деген сөз дейді.

— Қалмақтар менен қорыққан ғой, енді қалмаққа шапқанда «Алашалап» шабыңдар деп халқына әмір қылған соң «Алашалап» шауып, сонан ұран болған екен. Енді «Алаша» дегені Алаш аталып, қазақтың: «Алаш — Алаш болғанда, Алаша хан болғанда, қалмаққа не қылмадық» деген сөздері осы болса керек.

 


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама