- 20 қаң. 2016 00:00
- 223
Алдағы күндері республиканың басым бөлігінде қар жауады
«Қазгидромет» РМК 21-23 қаңтарға ауа райы болжамын ұсынады.
Өткен тәулікте Қазақстан аумағында елеулі температуралық керағарлықтар байқалды. Батыста 19 қаңтарда температура ауытқуы 10-12º климаттық нормадан жоғары, шығыста 8-12º төмен болды. Бұл шығыс аудандардың ауа райын арктикалық суықпен қуатты антициклон айқындайтынына байланысты болды. Батыс облыстар жылу және ылғал қорының молдығымен оңтүстік циклон ықпалында болды. Қыстың дер кезіне қарамастан, оңтүстіктің жылылығы басымдық танытады. 21-23 қаңтар күндері жылы атмосфералық ағындар шығысқа араласады. Соның салдарынан температура көтеріледі. Сондай-ақ қалың қар түсу, боран, 15-20 м/с жел түрінде күрделі метеорологиялық жағдай күтіледі. Алайда 21-і орталықта, 21-22 қаңтарда аяз сақталады. Тек республиканың оңтүстік облыстарында қалыптасқан суыққа қарамастан, бұрынғыша 3-5º нормадан жоғары, жауын-шашынсыз болады.