Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Шри-Ланка жайлы не білген жөн?!

Кез келген ақпар-кітапшадан бұл ел жайлы сіз небір қызықты, таңғажайып деректерді оқи аласыз. Бірақ тұрғылықты адамдар бұдан өзге заттарды әлдеқайда маңызды санайды. Шри-Ланка жайлы нақты нені білуіміз керек? Осы мақаламызда сол туралы айтпақпыз. 

Шри-Ланка
Шри-Ланка — көпшілікке таңғаларлық жағажайларымен, шай плантацияларымен және Зуба Будда ғибадатханасымен таныс кішкентай арал. 

Шри-Ланка
Алайда жергілікті тұрғындар шетелдіктердің мына деректерді біле жүргенін қалайды:

•    Бұрынырақта Шри-Ланка Цейлон деп аталатын; 
•    Шри-Ланканы танымал еткен цейлон шайын аралға британдықтар әкелген; 
•    Шри-Ланкада демалыс тек сенбі, жексенбі ғана емес, сонымен қатар ай толған күні де демалыс саналады, бұл күні олар медитация жасайды; 


•    XX мен XXI ғасыр аралығында мемлекеттің солтүстігінде 30 жыл бойы азаматтық соғыс жүрді, бірақ оңтүстік аймақты еш қамтымады; 
•    ланкиялықтар — Оңтүстік Азияның ең сауатты тұрғындары: жұрттың 5%-ы ғана сауатсыз; 
•    ланкиялықтар түскі аста көбіне күріш жейді, таңғы ас немесе кешкі асқа нан, карри, балық немесе кота роти (kottu roti) — шаурмаға ұқсас тағамды жеуді ұнатады, ал мерекелік дастарханға көбіне сүтті күріш (kiribath) қойылады;


•    сэр Артур Чарльз Кларк (Sir Arthur Charles Clarke) — ғарыштық зерттеу бағдарламалар легін болжаған, сонымен қатар «2001 жылдық ғарыштық одиссеясында» Стэнли Кубрикпен бірге жұмыс істеген ғалым — Шри-Ланканың құрметті азаматы болған;
•    Шри-Ланканың батыс жағалауында тартылыс күші Жердің басқа аймақтарына қарағанда аз; 
•    Шри-Ланкада ең кең таралған спорт түрі — крикет, және 1996 жылы ланкиялық команда крикеттен әлем чемпионатын жеңіп алған.


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама