Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Әлдилеген әлемді бесігімен...
Астана қаласы, №68 орта мектептің өзін - өзі тану пәнінің мұғалімі
Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің құрметті қызметкері
Есенбаева Роза Түзелбайқызы

Тәрбие сағатының тақырыбы: “Әлдилеген әлемді бесігімен....”

Тәрбие сағатының мақсаты:
1. Ана жайлы жазылған тамаша ғибратты сөздер мен өлеңдер, әндер арқылы аналарды мерекесімен құттықтау.
2. Ананың мейірімін, махаббатын, жақсылығын түсініп, еңбектерін ақтауға, аналарға балалық сүйіспеншілікпен жауап беруге баулу.
3. Ана еңбегін кадірлеуге, құрметтеуге, сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Тәрбие сағатының өтілу барысы:
I Ұйымдастыру кезеңі:
Кеш қонақтары мен ардақты аналарымыздың, оқушылардың назарын мерекелік көңіл күйге аудару.
Кіріспе: “Әйел - Ана” ертегісінен үзінді тыңдау

II Негізгі бөлім:
1. Ана біз үшін кім? (тірек - сызбамен жұмыс)
2.“Менің анам - мен үшін...” (оқушылардың пайымдаулары мен ой - пікірін тыңдасақ...)
3. Той пердесін ашайық,
Аналарды құрметтеп
Ән мен жырдан шашу шашайық!

III Қорытынды бөлімі.
Анамызға сыйлық...
(Балалар аналарына арнап өздері жазған эссе - ойтолғауларын оқиды, тарту етеді)

1 - жүргізуші: Ана - барлық өмірдің бастауы. Ол баланы өмірге әкеледі, тәрбиелейді, өсіреді. Адам бойындағы барлық асыл қасиет күннің нұры мен ананың ақ сүтінен дариды.

2 - жүргізуші: Ана - ұлы адам. Ана - құдіретті жан. Ендеше, бүгінгі мерекелеріңіз, аналар күні құтты болсын!

1 - жүргізуші: Әлемдегі ең асыл жан ол - Ана десек, жүрегімізде сүйікті анаға деген махаббат сезімі оянады. Ананың мейірімі шексіз.
2 - жүргізуші: Баланың тілі шыққанда - ақ ең алғашқы сөзін “ана” деп айтады. Өмірдің есігін ашқанда да ең алғаш өзінің жан анасын көреді.

1 - жүргізуші:
Ана - өмір қолдаушысы әлемнің,
Шаңырақтың шаттығы мен шуағы.
Сейілмесін жанарынан ананың,
Тіршілікке төккен нұрлы шуағы.

2 - жүргізуші:
Аялайық аналарды әрдайым,
Қуанышқа бөлейікші өздерін.
Әжелердің, аналардың, қыздардың
Мұң шалмасын күлім қаққан көздерін!

Менің анам – мен үшін...
(оқушылардың пайымдаулары мен ой - пікірімен бөліссек)
Минаш: Ана - бала үшін өмірдегі ең қымбат жан.
Айым: Ана өзінің балаға деген мейірімі мен махаббатын, түн ұйқысын төрт бөліп, ақ сүтін беріп асырайды.
Аружан Т: Әр ана баласын дені сау, жақсы азамат болса екен деп арман етеді.
Анель: Ана мен бала арасын көзге көрінбейтін тылсым сырлы жіп жалғап тұрады.
Жұлдыз: Сол арқылы бала көңіліндегі қылаудай мұң ана жүрегіне жетеді, сол арқылы ана баласының титтей қуанышын, бар болмысын да сезеді.
Мәншүк: Анаңды Меккеге үш рет арқалап апарсаң да, ақ сүтін өтей алмайсың деген даналық сөз дәл айтылған.
Аяжан: Ана! Осынау үш әріптен құралған қасиетті сөздің түп тамырында қаншама ұлы сезім жатыр десеңдерші!
Аружан: Сезім мен қасиетті, бар махаббат пен шапағатты сыйдырып тұрған ұлы сезімді қадірлейтін жан бар ма екен өмірде?!

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама