Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 29 минут бұрын)
Александр Бублик Женевадағы турнир финалына бір қадам қалғанда драмалық түрде жеңілді

Қазақстанның бірінші ракеткасы, әлемнің 10-шы ракеткасы Александр Бублик Женевадағы ATP 250 турнирінің финалына шыға алмады. Ол жартылай финалда америкалық Лёрнер Тьенге (әлемдік рейтингте 20-орында) үш сетте есе жіберді: 6:1, 4:6, 7:6(5).

Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Үшінші шешуші сетте Бублик 2:0 есебімен алға шыққанымен, басымдықты ұстап қала алмады. Тай-брейкте жеңіліп, финалға шығу мүмкіндігінен айрылды.

Матчтың статистикасы

Кездесу 1 сағат 37 минутқа созылды. Осы уақыт ішінде қазақстандық теннисші 10 эйс жасап, 5 қос қате жіберді. Ал америкалық қарсыласы 1 эйс пен 5 қос қате жасады.

Финалдағы кездесу

Финалда Тьен аргентиналық Мариано Навонемен (42-ші ракетка) кездеседі. Навоне екінші жартылай финалда норвегиялық Каспер Руудты (17-ші ракетка) 7:5, 6:2 есебімен жеңді.

Бұған дейінгі ойындар

Ширек финалда Бублик әлемнің 24-ші ракеткасы, француз Артур Риндеркнешпен кездесіп, алғашқы сетте 5:7 есебімен жеңілгенімен, кейін екінші және үшінші сеттерде 6:4, 6:2 есебімен басым түсіп, 2:1 есебімен жеңіске жеткен болатын.

Турнирдің жүлде қоры

ATP Gonet Geneva Open турнирінің жалпы жүлде қоры – 612 мың еуроны құрайды. Жеңімпаз 93 мың еуро алады. Өткен жылы бұл турнирде сербиялық теннисші Новак Джокович топ жарған еді.

Жаңалықтар

Жарнама