Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 сағат бұрын)
“Әлемдегі бірінші ракетка болуды көздеймін“ – Елена Рыбакина

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина биылғы маусымдағы басты мақсаты – әлемдік рейтингте бірінші орынға шығу екенін айтты.

Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Теннисші бұл туралы Индиан-Уэллс турнирінің баспасөз мәслихатында мәлімдеген. «Менің мақсатым, әрине, рейтингте одан әрі жоғары көтеріліп, бірінші орынды иелену. Бірақ алда әлі көп жұмыс бар екенін және көп нәрсе басқа ойыншыларға байланысты екенін түсінемін. Иә, бұл менің келесі үлкен мақсатым. Биыл оған қол жеткізуге тырысамын және сәтті болады деп үміттенемін», - деп түсіндірді Рыбакина.

Еске салайық, турнирдің 1/4 финалында америкалық Джессика Пегуланы жеңгеннен кейін қазақстандық теннисші WTA рейтингінде әйелдер арасында екінші орынға көтерілді.

Елена Рыбакина Индиан-Уэллс турнирінің финалында әлемнің бірінші ракеткасы Арина Соболенкомен кездеседі. Турнир жеңімпазы 1 миллион 201 мың 125 доллар (585 миллион теңгеден астам) сыйақы алады.

Жаңалықтар

Жарнама