- 29 жел. 2017 00:00
- 360
Әлемдегі кейбір ең үлкен дүниелер: салыстырмалы 10 сурет
Кейде біздің қиялымыздың өзі заттардың нақты көлемін дұрыс елестете алмайды. Әдетте біз өзіміздің қиялымызда кейбір заттарды кішірейтіп көреміз де, олардың соншалықты үлкен екендігіне сенгіміз келмейді.
Студент Kevin Wisbith біз күнделікті өмірде байқай бермейтін кейбір заттардың шын мәнінде үлкен екендігін түсінуге көмектесетін коллаж жасаған. Вilim-all.kz Kevin Wisbith коллаждарын назарларыңызға ұсынады.
Зымыран қозғалтқышы мен Smart автокөлігі
© imgur/KevinWisbith
M-1 зымыран қозғалтқышы 50-жылдары NASA ғарыш бағдарламасы үшін құрастырылған. Бұл әлемдегі ең үлкен қозғалтқыш, оның диаметрі 4 метрден асады және ол Smart автокөлігін толығымен жабуға қауқарлы.
Пульмоношаян мен мысықтар
© imgur/KevinWisbith
Источник: https://zagge.ru/vpechatlyayushhie-razmery-obektov-v-vizualnom-sravnenii-s-drugimi/
Пульмоношаян - палеозой дәуірінде өмір сүрген шаяндардың бір түрі. Олардың ұзындығы 60 сантиметрді құраған, яғни үй мысықтарымен бірдей болған. Мұндай жәндіктер жер бетінен жойылып кеткен.
Мұнай танкері мен Орталық саябақ
© imgur/KevinWisbith
Seawise Giant мұнай танкерінің ұзындығы – 458 м. Оны Нью-Йорктің орталық саябағындағы көлге орналастырса, кеменің алды мен артында тек 10 м бос орын қалады екен.
Дионис астероиды мен «Алтын қақпа» көпірі
© imgur/KevinWisbith
Дионис астероиды Аполлон астероидтар белбеуінің бір бөлігі болып табылады. Оның ені – 1,5 шақырымды құрайды. Егер ол «Алтын қақпа» көпірінің үстінде тұрып қалса, осылай көрінер еді.
«Титаник» пен заманауи ұшақ тасығыш
© imgur/KevinWisbith
«Титаник» сол кездегі ірі кемелердің бірі болған. Оның ұзындығы – 269 метрді құраған. Егер оны «Рональд Рейган» ұшақ тасығышымен салыстырса, ол біз ойлағандай үлкен болып көрінбейді. Ал, бұл ұшақ тасығыштың ұзындығы 333 м.
Радиотелескоп пен Лас-Вегас
© imgur/KevinWisbith
Ең үлкен радиотелескоп Қытайда орналасқан. Оның диаметрі 500 метр шамасында. Ол Лас-Вегастың орталығында осылай көрінер еді.
Бейбіт шахтасы мен Уиллис-тауэр
© imgur/KevinWisbith
Бейбіт шахтасы – әлемдегі ең терең шахталардың бірі, оның тереңдігі 525 метрге жетеді. Егер онда биіктігі 527 метрді құрайтын Уиллис-тауэрді - АҚШ-тағы биіктігі бойынша екінші ғимаратты орналастырса, жердің бетінде тек мұнараның төбесі ғана қалады екен.
В-2 бомбалаушы ұшағы мен стадион
© imgur/KevinWisbith
В-2 бомбалаушы — әлемдегі ең үлкен және қымбат бомбалау ұшағы. Ұшақ қанатының құлашы 54 метрді құрайды. Бұл футбол алаңының енімен сәйкес келеді.
Бурж-Халифа мен Эмпайр-стейт-билдинг
© imgur/KevinWisbith
Бурж-Халифа — Дубайда орналасқан әлемдегі ең биік ғимарат. Оның биіктігі 828 метрді құрайды. Ол Эмпайр-стейт-билдингтен 447 метрге жоғары және бұлттардан да биік.
«Өлім жұлдызы» мен Жер
© imgur/KevinWisbith
Егер «Өлім жұлдызы» бар болғанда, Флориданың үстінен ұшып бара жатып, осылай бейнеленер еді.