Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 күн бұрын)
Әлемді тербеткен - Ана!
Әлемді тербеткен - АНА!!!

Мақсаты: 1) 8 – наурыз - Халықаралық әйелдер мерекесін атап өту.
2) Ана деген мейірімді, сүйіспеншілікті арттыру, үлкенге ізет кішіге үлгі бола білуге үйрету.
3) Оқушы бойында ізгілік, инабаттылық, биязылық сияқты жақсы қасиеттерді қалыптастыруға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: интер тақта, нақыл сөздер, шарлар.

Жүргізуші:
Шуақты көктем келді гүлін алып
Көктемнің мерекесі бүгін анық.
Өмірдің көктемі де, гүлі – Аналар
Ана деп бас иеді күллі халық.
Біз ғана емес, қадір тұтқан бабалар
Аналардан туған небір даналар.
Ана деген тіршіліктің тірегі,
Армысыздар, қасиетті аналар!
Қош, келдіңіздер! Аяулы аналар, қызғалдақ қыздар, қадірлі ұстаздар! Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып, 8 – наурыз Халықаралық әйелдер мерекесі де келіп жетті. Көктемнің шуақты күндерімен қатар келіп жатқан төл мерекелеріңіз құтты болсын! Осынау көркем мерекесін қай кезде де орны бөлек. Олай болатыны, аналарға ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес. Олар - өмірдің гүлі, көңілдің жыры, әр отбасының алтын діңгегі. Осы мерекеге орай «Әлемді тербеткен – Ана!» атты мерекелік концертке қош келдіңіздер!
Видео таспа «Періштем»
Аудио жазба: «Ана»
МОНОЛОГ:
Ана әрбір адамның жарық дүниедегі ең жақыны, жанашыры, қадірлісі, қамқоршысы, ақ сүтін емізіп аялаған, жанын да аямаған ардақтысы. Мен ана деген сөзді қанша айтсам да жалықпаймын. Өйткені ол дүниедегі ең ардақты жан. Ана баланы тоғыз ай көтеріп, толғатып, дүниеге келтіріп қана қоймайды, оны көзінің қарашығындай қорғап, аялап өсіріп аяғынан тік тұрғызады. Өмір есігін жаңа ашқан баланың бойына елінің рухын сіңіретін, жылауын қойғызатын ана.
Ана баланың амандығын бақытты, абыройлы болуын тілейді. Бойымыздағы ең жақсы қасиеттер бізге алдымен анадан тарайды. Қайран ана, өз перзентін әдемі не ұсқынсыз, ақылды не ақымақ, мейірімді не рақымсыз, кесір - қырсық болса да бәрібір шексіз сүйеді. Дүниеде ананың көз жасынан салмақты, одан ауыр таразы басын басатын ештеңе жоқ. Өйткені ананың көз жасы өзінің киесімен ауыр. Алайда «Ананың көңілі - балада, баланың көңілі - далада» демекші, өзінің перзентік борышын ұмытқан, сөйтіп ата - анасын сыйламайтын адамдарды да өмірден кездестіруге болады. Ана - тіршіліктің гүлі, отбасының берекесі, бүкіл адамзаттың тәрбиешісі. Анасы жоқ балалар да аз емес. Олар ананың мейірімін, аялағанын ешқашан сезген емес. Ендеше, анамызды сыйлап, құрметтейікші достар!

Жүргізуші:
Көңілің Алатаудың ақ қарындай,
Мейірімің күннің шуақ шақтарындай.
Қалайша аяулы ана тына алармын,
Ән болып сағыныштан ақтарылмай,
- деп абзал аналарымыз бен аяулы қыздарымыздың құрметіне енді алдарыңызда балаларыңыздың өнерлерін қабыл алыңыздар.
Ән: «Анама» Айнур
Квн: «Жылымды жұлдыздары» 5 - 6 сынып
Ән: «Ой жеңгей» Жандос
Ойын: «Ана мінезі мен сезімі»
5 ананы ортаға шақырамыз да 5 кукла береміз.
1 тапсырма: балаңызды қалай еркелетесіз?
2 тапсырма: Сабақтан келгенде балаңызды қалай қарсы аласыз?
3 тапсырма: Балаңыз 2 деген баға алғанда сіздің іс - әрекетіңіз?
4 тапсырма: балаңызды тауып алыңыз?
Би: «О чинури» Қыздар

Жүргізуші:
Айналайын анашым
Ақ сүт беріп өсірген.
Түн ұйқысын төрт бөліп,
Қате кетсе кешірген

Бейне көрініс «Ананың ақ сүтінің құрамы»
Ана сүтінің қасиеттері
Ана сүті – балаға арналған ең жақсы тағам, бұл оның асқорыту жүйесіне қолайлы құрамда болғанымен ғана шектеліп қоймайды. Ол баланы ауыру сырқаулардан қорғап, бүкіл өмірлік денсаулығының алғашқы негізін салушы. Ана сүтінің құрамында жүздеген компоненттер бар. Сүттің құрамы, бала қажеттілігіне сай үнемі өзгеріп тұрады. Ал бастапқыда анадан шығатын уыз, ақуыздар мен минералды заттарға бай. Емізіп жүргеніне біраз уақыт болған ананың сүтінде майлар мен көмірсулар көп болады. Бұл сусынның құрамы қайталанбайды оны басқа ешқандай сусын, тамақ түрімен алмастыру мүмкін емес! Баланың ағзасы сүтті оңай сіңіреді. Ана сүтінің құрамындағы гормондар тобы баланың бір жасқа дейін өсіп, дамуын реттейді, ал ондағы дәрумендер бала ағзасының қажеттіліктерінің барлығын қамтамасыз етеді.

Олай болса Ана сүтінің құрамы мынадай:
Сүттің шамамен 87 % су құрайды.
Көмірсулар – 7% құрайды.
Майлар - 4% құрайды.
Ақуыздар - 1 % құрайды.
Дәрумендер мен минералды заттар - 1 %.

Барша ана құтты болсын мерекеңіз,
Әрқашан ана сізбен берекеміз.
Ақтасақ ақ сүтіңді, асыл анам,
Сонда біз кісілікке теңесеміз
Бәріміздің де анамыз бар Халайық! Сондықтан Ана сүтін бағалайық, ақтайық құрметті қонақтар.
Ән: «Анашым қартаймашы»
Көрініс: «Қазақ пен орыс»

Ән: «Қыз деген – Ана»

Ана өмірдің қуанышы тірегі,
Бала оның жұбанышы жүрегі,
Ана алдында ел жауы да бас иген,
Олар дәйім тыныштықты тілейді.
Ана десем алғыс алам халқымнан,
Ана десем теңіз болам шалқыған.
Ана десем ашылады қабағым,
Ана десем әділдікті ұғамын.

Ән: «четыре татарина»

Демеңіз біз өнерді аяп қалды,
Мезгіл де біраз жерге таяп қалды.
Қош болып тұрыңыздар көріскенше
Осымен концертіміз аяқталды.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама