Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 күн бұрын)
Үйсіндер, үйсіндер туралы жазба деректер
Сабақтын тақырыбы: «Үйсіндер, үйсіндер туралы жазба деректер».
Сабақтың жалпы мақсаттары:
Білімділік: Оқушыларға Қазақстан аумағында қалыптасқан мемлекеттік бірлестіктердің бірі үйсіндердің қоныстары, экономикалық жағдайы, қоғамдық құрылысы жөнінде мәлімет беру.
Дамытушылық: Жаңа жағдайда өз бетімен білімді қолдануға ықпал ету, белсенділігі мен қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелік: Топтық жұмыстар орындай отырып, өзара ынтымақтастық орнату.
Күтілетін нәтиже: Оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілеттері анықталады.
Отанына, өз тарихына деген сүйіспеншілігі артады.
Сабақтың түрі: Оқушылардың өз бетінше ізденуіне негізделген топтық жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі: Карта, таратпа мәтіндер, суреттер, слайдтағы сызба кестелер, сандар, интерактивті тақта.

Сабақ барысы: 1. Ұйымдастыру (амандасу, оқушыларды түгендеу, жағымды атмосфера орнату).
2. Оқушыларды суреттердің қиындылары бойынша топтастыру, нәтижесінде.
1 - топ: «Алтын тәті»
2 - топ: «Жауынгер».
3 - топ: «Қанжар».
4 - топ: «Үйсіндердің картадағы орналасқан жері»
Топтар пайда болып, әр топтың басшысы сайланады.

1- тапсырма.
I. Кіріспе: Сұрақтар беріледі.
1. «Тайпа», «Тайпалық одақ» дегенді қалай түсінесіңдер?
2. Қазақстан аумағын қай кезеңнен бастап тайпалық одақтар мекендеді?
3. Қазақстан жерінде қандай тайпалар өмір сүрді?
4. Бұл тайпалардың елімізді мекендеуі біздің ұлтымызға қатысы бар деп ойлайсыздар ма?
Қойылған сұрақтар бойынша оқушылар өз жауаптарын айтады.

II. Жаңа сабақ Оқулықпен, мәтінмен жұмыс.
Үйсіндер, үйсіндер туралы жазба деректер.
1 - топқа: Үйсіндердің орналасқан жері.
2 - топқа: Үйсіндер туралы жазба деректер.
3 - топқа: Үйсіндердің қоғамдық құрылысы.
4 - топқа: Үйсіндердің басқа елдермен қарым - қатынасы.

Б. з. б. 3ғ. Қазақстанды мекендеген тайпаларда мемлекеттің алғашқы белгілері болды. Бұлар сақтардың этномәдени мұрагерлері үйсіндер болатын. Үйсіндерде ежелгі өркениетке тән дамудың барлық белгілері байқалды. Оған мемлекеттік билік жүйесін, жазудың болғандығын, тұрақты әскерді, елшілік жоралғыларды жатқызуға болады. Үйсіндерде жеке меншік кең қанат жайды. Үйсін атауы қытай жазбаларында б. з. б. 2 ғасырдан бастап кездеседі. Олар Қытайдың Орта Азия, Батыс Азия мен Еуропамен сауда байланысында маңызды рөл атқарады. Б. з. б. II ғасырда пайда болған Ұлы Жібек жолын ұстап тұрған болатын. Олар « ат жақты, аққұбаша, сар шашты» болып бейнеленеді

2 - тапсырма: 1. Үйсіндер қай жерлерді мекендеген?
2. Қытай деректерінде үйсіндер туралы не деп жазды?
3. Үйсін қоғамындағы әлеуметтік жіктелу туралы не айтасың?
4. Үйсіндер қандай елдермен қарым – қатынаста болады?
Ортада қаламсап стратегиясы бойынша әр топтан қаламсап иесі шығып берілген сұрақтарға қысқа, әрі жүйелі жауап береді.

3 - тапсырма. «Сандар сөйлейді»
630 мың
188800 мың
4 - 5 мың
Б. з. б. 2 ғасыр
1000
107

III Қорытынды:
4 тапсырма. Интерактивті тақта көмегімен Тест жұмысын орындау.
1. Үйсін тайпаларының мекендеген жері:
А. Жетісу
В. Қызылқұм
С. Сарыарқа
Д. Бетпақдала
Е. Мырзашөл
2. Үйсіндер туралы «ат жақты, аққұбаша, сары шашты»деп жазған еңбек:
А. Орыс жылнамаларында
В. Авестада
С. Қытай жазбаларында
Д. Ибн Фадлан еңбегінде
Е. Бехистун жазбасында
3. Үйсін атауының қытай жазбаларында кездесе бастауы:
А. Б. з. б. V ғасырдан
В. Б. з. б. ІІ ғасырдан
С. Б. з. б. Х ғасырдан
Д. Б. з. б. ІХ ғасырдан
Е. ІІІ ғасырдан
4. Үйсіндердің шығу тегі туралы мәлімет қалдырған:
А. «Тарих атасы» Геродот
В. Грек тарихшысы Арриан
С. Парсы патшасы Ксеркс
Д. Қытай тарихшысы Сыма Цянь
Е. Рим тарихшысы Помпей Трог
5. Үйсіндер астанасы ретінде аталатын қала:
А. Қызыл аңғар (Чигучен)
В. Пұшық Мардан
С. Шаш
Д. Сарайшық
Е. Бәбіш - Молда
6. Үйсін билеушісінің атауы:
А. Гуньмо (күнби)
В. Шаньюй
С. Патша
Д. Бек
Е. Қаған
7. Үйсін гуньмосына бағынған тайпа көсемдерінің атауы:
А. Бек
В. Көсем
С. Тархан
Д. Абыз
Е. Хан
8. Үйсін қоғамындағы қарапайым халыққа жататындар:
А. Абыздар
В. Малшылар мен егіншілер
С. Саудагерлер
Д. Жауынгерлер
Е. Абыздар
9. Үйсіндерде мүлік теңсіздігі болғандығын дәлелдейтін не:
А. Жер
В. Атәбзелдері
С. Жерлеу орындары
Д. Зындандар
Е. Қора - қопсылар
10. Байлар өз жылқыларын өзге жылқылардан ажырату үшін салған белгілері:
А. Бояу жақты
В. Күйе жақты
С. Таңба салды
Д. Жіп тақты
Е. Ер – тұрман салды
ІV. Үйге тапсырма. Үйсіндер туралы қосымша деректер тауып, жазып келу.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама