Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 11 сағат бұрын)
Әлемдік мұхиттың ластануы

Жер шарында шамамен 8 миллиард адам өмір сүріп жатса, оның 100 миллионы әлемдік мұхит жағалауында тұрады. Бұл Шанхай, Сан-Паулу, Токио, Лиссабон, Лондон және Нью-Йорк секілді алып шаһарлар тұрғындары. Әлемдік мұхит дәл қазіргі кезде өте жылдам ластануда. Біз тау мен жаһан далада өмір сүріп жатырмыз, біздің шаруамыз жоқ десеңіз қателесесіз. Кез-келген жауынның, желдің немесе тұманның пайда болуы әлемдік мұхитпен байланысты.

Әлемдік мұхиттың ластануы ХХ ғасырдың бел ортасынан бастап күннен күнге өршіп келеді. Әсіресе химия өнеркәсібі мен мұнай-газ саласының дамуы кері әсерін қатты тигізуде. Үндістан, Мексика, АҚШ, Бразилия, Қытай және Жапония елдері әлемдік мұхит суына орасан зор экологиялық проблема туындатып отыр. Мұхиттағы тіршілік иелері соңғы елу жылда 70 пайызға азайып кеткен. Бұл дегеніміз өте сұмдық катастрофа. Мұхиттағы тіршілік иелеріне пластик бөтелкелер, целлофан өнімдері қатты теріс әсер етуде. Бұл қоқыстар ұзақ жылдарға дейін шірімейтін қасиетке ие. Әлемдік мұхит суында 700 мың км квадрат қоқыс бар. Бұл дегеніміз екі Германия мемлекетінің жер аумағын құрайды. Қаншама танклер мұнай тасып ластап жатыр, атомдық қалдықтар төгілуде. Енді бұл аздай арктиканың түбінен мұнай мен газ өнімін аламыз деп Ресей, АҚШ және Канада елдері жалма жан жарысып тұрып бастағалы отыр. Енді 20-30 жылда Антрактида үшін халықаралық жанжал туындап талас-тартыс басталу қаупі бар.


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама