Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 12 сағат бұрын)
Тамақпен бірге шай ішпеңдер

Ғалымдар шай, кофе және сүтті тамақтан кейін ең аз 45 минут өткеннен соң ішу керектігін айтады. Тамақтың артынша немесе тамақпен бірге ішілетін шай, кофе және сүт темір аздығына, (яғни анемияға) себеп болуы мүмкін. Мамандар шай және кофенің құрамындағы элементтердің темірмен бірігуі себепті, астағы темірдңғ денеге сіңуінің азаятынын айтуда. Мамандардың берген мәліметтері бойынша темір элементінің организмдегі мөлшері жүкті және етеккірі келген әйелдерде өте азайып кетеді екен. Тағы бір маңызды жайт, бесіктегі нәрестелермен жеткіншек жастағы балалар организмінің өсуінде де темірдің аса қажетті элемент екендігі.кендігі.

Біз тамақтану дағдымыз арқылы темірдің денемізге сіңуін арттырып-азайта аламыз. Мамандар: «Шай ішпеңдер демейміз әрине. Шайды тамақтан 45 минут өткеннен кейін ішкен жақсы. Лимон қосып ішу де өте пайдалы. Сондай-ақ сүтті де тамақтан 45 минуттан кейін ішкен жақсы болады. Өйткені сүт те темірдің денеге сіңуін азайтатын фактор» дейді.

Анемияның алғашқы белгісінің әлсіздік пен тез шаршау екенін айтқан мамандар: «Кейін бас ауруы, бас айналуы сияқты белгілері шығуы мүмкін. Оттегіні қанда алып жүретін гемоглабин азайғандықтан жүрек бұны жеткізу үшін көп еңбек етеді, тіпті жүректің үлкеюі және жүрек жетімсіздігі сияқты белгілер пайда болуы мүмкін» деп мәлімдейді.

Тамақты ыстық шаймен ішуге дағдыланғандар тамақтану кезінде шайдың орнына жылы су тұтынса болады. Сондай-ақ темірдің ағзаға сіңуін арттыру үшін С витамині тұрғысынан бай азықтарды тұтыну маңызды екен. Мысал келтіру керек болса, таңғы асты ішер кезде шайдың орнына апельсин шырынымен ішу немесе құрамында С витамині бар салаттармен бірге жеу де денеге темір элементінің алынуын арттырады.

Оқуға кеңес береміз:

Шайдың зияны: ғалымдардың 6 тұжырымы

Шай туралы қызықты деректер

Шай туралы


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама