- 05 нау. 2024 00:52
- 185
Әліппе, саған мың алғыс!
Тақырыбы: Әліппе, саған мың алғыс
Мақсаты: Оқушылардың сауат ашу пәнін оқу барысында алған білімдерін тиянақтау; өз өнерлерін ата — аналарға көрсету, эстетикалық талғамдарын тереңдете түсу, өзін өзі басқаруы мен ана тілін сүйіп, қастерлеуге тәрбиелеу
Көрнекілігі: Қазақ әліпбиі, суреттер, нақыл сөздер, «Әліппе», «Ана тілі», «Математика» оқулықтарының мұқабасы, ауызша есепке көрнекілік, шарлар.
(Патша сарайының уәзірлері мен ханшайымдары ертегілер әлемінің табиғатын тамашалап келеді.)
1 - уәзір: Арнат: Уа. Уәзірлер, қараңдаршы! Үлкен мереке болғалы жатыр ғой деймін, көп қонақтар отыр.
2 - уәзір Айдос: 1 - сыныпта үлкен қуаныш екен, «Әліппемен қоштасу ертеңгілігі болады» деп естідім.
3 - уәзір Мерей: Ой, неге тұрмыз, патшамызға хабарлайық!
Ханша Әсима: Уәзірлер, қараңдаршы! Осында патшамыз да келе жатыр.
Уәзірлер: Патшамыз, төрлетіңіз, отырыңыз.
Патша Ернұр: Уа, уәзірлерім, ертегі әлемінде не болғалы жатыр?
1 - уәзір Арнат: Қымбатты патшамыз, бүгін 1 - сыныптың ертегілер еліне келіп ән айтып, би билейтінін, Әліппемен қоштасатынын, сауаттарын ашып, әріп танып алғандарын ұзынқұлақтан естідік.
Патша Ернұр: Не дейді? (Ашуланып қолындағы алтын таяғын 2 - 3 рет қатты ұрып) - Осыны ұйымдастырған кім екен, шақырыңыз!
Уәзірлер: Құп, тақсыр! (Екі уәзір ұйымдастырушыны қолдарынан жетектеп ортаға патшаға әкеледі)
Патша Ернұр: - Менің рұқсатымсыз неге Әліппемен қоштасқалы жатырсыздар?
1 - жүргізуші Жаннұр: Иә, білім патшасы, кешіріңіз. Сіз бүгін бізді тоқтата алмайсыз. Менің достарым сіздің еліңіздің барлық әріптерін танып, біліп, үйреніп, жазып оқу алатын жағдайға жетті. Осы қуанышымызды мына жұрттың алдында паш етеміз. Одан да ашуыңызды басып 1 «б» сынып оқушыларының өнерлерін тамашалаңыздар. Мерекемізді бастауға рұқсат етіңіздер.
Патша Ернұр: - Жарайды, онда рұқсат берейін, өнерлеріңді көрейін.
2 - жүргізуші Ақарыс: Рахмет, білім патшасы!
Тыңдаңыздар! Тыңдаңыздар!
Естімеген естіңіздер,
Тыңдамаған тыңдаңыздар.
Қазір бізде «Әліппе тойы» басталады.
3 - жүргізуші Ақнұр:
Нұрлы үмітін арқалаған арқаға,
Жан сәулесін тарататын баршаға
Шын пейілмен құрметімізді көрсетіп,
Балаларды шақырайық ортаға..
Ұстазымыз Мейрамгүл апай мен 1 «б» сынып оқушыларын қарсы алайық.
(оқушылар кіреді)
Мұғалім:
- Құрметті ата - аналар, ұстаздар, оқушылар! Бүгін сіздер 1 «б» сыныбы шәкірттерінің «Әліппеге рахмет!» атты ертеңгілігіне келіп отырсыздар. Балалардың ең алғаш бетін ашқан оқулығы - Әліппе. Бұл кітап білімге бастайтын алғашқы жол. Ендеше мерекемізді бастаймыз.
Оқушылар:
Армысыздар, құрметті ұстаздар!
Ардақты ата - аналар!
1 - жүргізуші Жаннұр: 1 «б» сыныбы оқушыларының «Әліппеге рахмет!» атты ертеңгілігін бастауға рұқсат етіңіздер!
2 - жүргізуші Ақарыс:
Міне, бүгін біз барлық ғылымның атасы, біздің болашағымыздың негізі - Әліппені бітіріп отырмыз.
3 - жүргізуші Ақнұр:
Бүгін біз шексіз қуаныштымыз, өйткені алғаш хат танып, сауатымызды ашқан біздің жақын досымыз Әліппемен қоштасамыз
Мұғалім:
Іші толы әріпке,
Білімдегі жарық не?
Оқушылар:
Ол, сүйікті Әліппе!

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.