Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Алматыда мектеп оқушылары мен студенттерге «ОҢАЙ» картасын тегін беру мерзімі ұзартылды

Алматыда мектеп оқушылары мен студенттерге жеңілдетілген «ОҢАЙ» көлік картасын тегін беру мерзімі 2016 жылдың 1 сәуіріне дейін ұзартылды. Бұл туралы бүгін «Алматы қаласының Көлік Холдингі» ЖШС баспасөз қызметінен хабарлады.

«Жеңілдетілген «ОҢАЙ» көлік картасын алу үшін мектеп оқушылары мен студенттер өздері оқитын білім мекемесіндегі жауапты тұлғаға жүгінулері керек. Ал жауапты тұлға өз кезегінде тиісті өтінімді толтырып, «Алматы қаласының Көлік Холдингі» ЖШС жібереді. Дайындалған карталар оқу орындарында беріледі», - деп жазылған  хабарламада. 

Естеріңізге сала кетейік, 2016 жылдың 11 қаңтарынан бастап, Алматы қаласының қоғамдық көліктерінде жол ақысы тек қана «ОҢАЙ» картасы арқылы төленеді. 


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама