- 19 қаң. 2016 00:00
- 246
Ақтөбе қазақ-түрік лицейі 70 жүлделі орын иеленді
Ақтөбе облысының білім басқармасы, «Ақтөбе-Дарын» өңірлік ғылыми-тәжірибелік қосымша білім беру орталығы тарапынан Ақтөбе қаласында қаңтардың 5-6 күндері жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңін өткіздi, -деп хабарлайды KATEV.
Олимпиадаға Дарынды жасөспірімдерге арналған Ақтөбе облыстық мамандандырылған қазақ-түрік лицей-интернатының 74 оқушысы қатысып, оның 70-і жүлделі орындарға қол жеткізді. І орын – 29 оқушы; ІІ орын – 23 оқушы; ІІІ орын – 18 оқушы жеңіп алды. Олимпиадада лицейдің дарынды шәкірттері қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі, тарих, география, математика, физика, информатика, биология, химия пәндері бойынша жетістіктерге қол жеткізді.