- 25 сәу. 2022 00:00
- 211
Алматының тарихи ескерткіштері
Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындар күні 1984 жылдан бастап жыл сайын 18 сәуір күні атап өтіледі. Мерекені 1983 жылы ЮНЕСКО жанындағы Ескерткіштер мен көрнекті орындарды қорғау мәселелері жөніндегі Халықаралық кеңес Ассамблеясы белгілеген. Мерекенің басты мақсаты – тарихи ескерткіштердісақтау және мәдени мұраны қорғау мәселелеріне қоғамның назарын аудару. Осы мақсатта 18 сәуір 2022 жылы «Шаңырақ-1» ықшам ауданында орналасқан «Боралдай сақ қорғандары» археологиялық паркінде Халықаралық тарихи ескерткіштер мен тарихи орындарды қорғау күніне арналған «Боралдай – ғасырлар куәсі» атты тарихи танымдық, мәдени іс-шара өтті.
Туған жер мен туған табиғатты аялап, тамыры терең тарихымызды насихаттауға арналған бұл шара әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Тарих факультетімен бірлесіп ұйымдастырды.
Жоспарланып отырған мерекелік іс-шараның бастымақсаты – ғасырлар куәсі болған, тарихы тереңнен тамыр алатын ескерткіштерді сақтау және мәдени мұраны қорғау мәселелеріне қоғамның назарынаудару болып табылды.
Іс-шара барысында қонақтар Алматы қаласы аумағындағы ескерткіштер туралы толық мағлұмат алып, мерекелік концерттік бағдарламаға, қызықты викторинаға қатысты.
Т. Төлебаев А. Максымканова