Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 29 минут бұрын)
Алматыда белсенді Санжар Боқаев ұсталды

Алматыда қоғам белсендісі Санжар Боқаев ұсталды. Бұл туралы Бас прокуратура мәлімдеді.

Құқық қорғау органдарының хабарлауынша, Боқаев қылмыстық іс аясында жүргізілген тергеу әрекеттері кезінде ұсталған. Ол әлеуметтік желілерде жалған ақпарат таратып, қоғамда жағымсыз пікір қалыптастыру мақсатында видеоматериалдар жариялаған деп күдіктелуде.

Тергеу мәліметтері бойынша, Боқаев азаматтарды азғырып, оларға ақшалай сыйақы беріп, ағаштарды кесуге және құрылыс нысандарынан мүлік ұрлауға ұйытқы болған.

Сонымен қатар, ол аса ірі көлемде ақшалай қаражатты алаяқтық жолмен жымқырды деген күдікке ілінді.

Басқа да ақпараттар ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес жарияланбайды.

Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Жаңалықтар

Жарнама